- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Он екі әріппен...
Он екі әріппен сөйлеп көр!
Білесіз бе, бір-біріңді жақсы түсініп, қарым-қатынас жасау үшін аса күрделі тілдік құрылыстарды ойлап тауып, ауқымды фонетикалық бірліктерді ойлап табудың еш қажеті жоқ екен. Бұл сөзімізді Бугенвиль аралын мекендейтін папуастық тайпалардың он екі әріптен ғана тұратын әліпбиі дәлел бола алады.
Әліпби A E G I K O P R S T U V деген латын әріптерінен ғана тұрады.
Бұл – әлемдегі ең қысқа әліпби. Оны төрт жарым мыңнан астам адам қолданады.
Ротокас тілін қолданушылар дауыстыларды созып қолданады, бірақ оған қарамастан, оларда «тон» (сөздің мағынасын жеткізу үшін дыбыстың биіктігін өзгерту) және «екпін» деген ұғымдар жоқ көрінеді.
Тілдің грамматикасы SOV (Subject, Object, Verb) – бастауыш, тура толықтауыш, баяндауыш ережесі бойынша құрылады.
Ротокас тілінің ең танымал зерттеушісі Ирвин Фирчоу 1969 жылы «Краткий фонематический анализ» атты еңбегін жарыққа шығарды. 2006 жылы Стюарт Робинсон «Краткий фонемический анализ диалекта Аита языка Ротокас» зерттеу кітабын жариялады.
Ал әлемнің ең қысқа әліпбиі өмір сүретін арал туралы білгіңіз келе ме? Бугенвиль – Соломон аралдарының ең үлкені. Жалпы алып жатқан аумағы – 8800 шаршы шақырым. Тұрғындарының саны – 175 мың адам. Арал атауы атақты француз саяхатшысы әрі теңізшісі Луи Антуана де Бугенвиляның құрметіне берілген. Ол осы аумаққа 1766 жылы тұңғыш рет экспедиция жасаған болатын.
Суреттер:open.az
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева