- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Өмірдің мәні –...
Өмірдің мәні – саяхат
Өлім аузында жатқанда жақсы көретін жандардың қадірін білмегеніміз және көп саяхаттамағанымыз үшін өкінеміз. © Марк Твен
Әр таңды әртүрлі қалада қарсы алар болсам, бүкіл өмірімді осылай өткізуге бармын. © Билл Брайсон
Саяхат – өзімізді қайтадан іздеп табуға арналған ең ұлы ғылым. © Альбер Камю
Жақсы саяхатшының нақты жоспары мен бір жаққа бару туралы мақсаты жоқ. © Лао-Цзы
Әр сапардың өз құпия жері болады, ол саяхатшының өзіне де беймәлім. © Мартин Бубер
Шытырман оқиғалар тұрақты орында емес, саяхат барысында болады. Келген жеріңіз келесі саяхатқа дейінгі үзіліс болсын, ары қарай сапарды жалғастыра беріңіз, одан ләззат алыңыз. Бәрі жақсы. © Джо Витале
Сапарға шығу өмірде көп жағдайға үйретеді. Үйде отырған он күнге қарағанда, сапарға шыққан бір күнде біраз ақпарат аласыз. © Анатоль Франс
Салыстырма. Ештеңені салыстырма. Баға, тазалық, өмір сүру, транспорт – ешқайсысын өз еліңмен салыстырма. Сен ең жақсы елде өмір сүретініңді дәлелдеу үшін емес, айналамен танысу үшін саяхатқа шықтың. © Пауло Коэлье
Қозғалу, тыныс алу, қалықтау, жүзу, сыйлық беру-алу, зерттеу, саяхаттау – міне, өмірдің мәні осы. © Ганс Христиан Андерсен
@. @assel_assanova