Жыл сайын өткізілетін әлемдік сауалнаманың қорытындысы бойынша, Мельбурн қаласы 100 ұпайдың 97,5-ін жинап, төртінші рет көш басына шықты. Сауалнамаға саяси және экономикалық тұрақтылық, денсаулық, мәдениет салалары, қоғамдық орта, білім деңгейі мен инфрақұрылым сынды факторлар енгізілген.
Үздік ондыққа кірген қалалар тәжірибелік тұрғыда көрсетілген факторлардың баршасынан жоғары деңгейде ұпай жинағаны анықталып отыр. Мәселен, екінші орынға Австрияның астанасы Вена тұрақтаса (97,4 ұпай), әрмен қарай Ванкувер тұр, бұл қала - рейтингтің бұған дейінгі көшбасшысы. Ванкувер 2011 жылға дейін он маусым қатарынан бірінші орында келген болатын (97,3 ұпай).
Төртінші сатыда Канаданың тағы бір үлкен қаласы – Торонто, бесінші орында - Оңтүстік Австралияның қаржы орталығы Аделаида қаласы. Айта кететіні, үздің ондықтың қатарына Канада мен Австралияның 7 қаласы енген.
Соңғы орындарда Дакка (Бангладеш), Порт-Морсби (Папуа — Жаңа Гвинея), Лагос (Нигерия), Карачи (Пәкістан), Алжир (Алжир), Хараре (Зимбабве ), Дуала (Камерун) және Абиджан (Кот-д'Ивуар) қалалары бар.
Топ-10. Өмір сүруге ең қолайлы қалалар, яки мемлекеттер:
1. Мельбурн, Австралия
2. Вена, Австрия
3. Ванкувер, Британдық Колумбия
4. Торонто, Канада
5. Аделаида, Австралия
6. Калгари, Альберта провинциясы, Канада
7. Сидней, Австралия
8. Хельсинки, Финляндия
9. Перт, Австралия
10. Окленд, Жаңа Зеландия
Өмір сүруге қолайлы деп айтқанмен, туған жер әркімге өзінше ыстық. Қазақ «әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне» демеп пе еді? Ауылда туып, Алматының өзін жерсінбейді көп адам. Сондықтан өзіміз ортамызды сүйе білсек, табиғатымызды қорғай білсек, одан асқан өмір сүруге қолайлы жер табылмас.
Автор: Манас Қайыртайұлы
Сурет: wallpaperscraft.com, highsnobiety.com, zxtgo.com, descubraomundo.com, lonelyplanetitalia.it, mople.kr, xot.ua, hdwallpapersdesktop.com,faktopedia.pl, stranic.ru