Mercer компаниясы өмір сүруге ең арзан қалалардың тізімін жасады. Рейтингіге Алматы да енді.
Рейтингіні түзу барысында ұлттық валютаның жағдайы, әр түрлі тауар мен тұрғын үй бағасы негізге алынды. Сондай-ақ, әлемнің үлкен қалаларында жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлердің арасында сауалнама жүргізілді.
Көштің басын Тунис астанасы бастады. Тунис әлемнің өмір сүруге ең арзан қаласы атанды. Одан кейінгі орынға Намибияның астанасы Виндхук жайғасқан. Үштікте көрші Қырғызстанның Бішкек қаласы да бар.
Алғашқы ондыққа Ташкент, Пәкістанның Карачи, Гамбияның Банжул, Грузияның Тбилси, Македонияның Скопье және Замбияның Лусака қалалары кірді.
209 қаланың тізіміне енген Алматы 189-ші орынға тұрақтады. Ал әлемнің ең қымбат қалалары тізіміне Гонконг, Ашхабад, Токио, Цюрих пен Сингапур енді.