Экстремальды ойын-қызықтың басы-қасында жүргендер Эквадордағы аттракционды біліп те қойған болар. Сақтық шараларынсыз және ешқандай қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген әлгі әткеншек жүйкені жүрекке байлайтын бірден-бір жер.
Эквадордағы Баньос құзынан еңісте сейсмикалық белсенділігі жоғары La Casa Del Árbol (Treehouse) бекеті тұр. Құзар ұшында жалғыз талдың төбесінде үй орналасқан. Табиғат көрінісін тамашалауға, не болмаса әткеншек арқылы делебені қоздыруға арнайы ат басын бұратын туристер бар. Интернет бетінен көріп алып, келуге құмартқан жандар күн санап артуда.
Әткеншек бұлт астына жасырынған "Tungurahua" жанартауын тамашалау мақсатында арнайы қойылыпты. Өлім мен өмір арасы екі арқанмен жүргізілген.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/nOttul5TJPE","width":"450","height":"240"});
сурет: pedallingabout.com; sparkpunk.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек