- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Өлім жазасынан сақ...
Өлім жазасынан сақ болыңыз!
Шетел асатын әрбір адам бір нәрсені өте жақсы білу керек – ол өзі баратын елдің заңы. Қарапайым деген қылмыстың өзіне өлім жазасы берілуі әбден мүмкін. Ал мұндай жазаны тоқтату мүмкін емес. Ендеше, өлім жазасы берілетін қылмыстар тізімімен таныс болғайсыз.
1. Егер сіз заңды некеде болсаңыз, шипажайлық роман үшін өлім жазасына кесілесіз. Мұндай заң Иранда, Мавританияда, Біріккен Араб Әмірлігінде, Сауд Арабиясында, Суданда бар.
2. Сондай-ақ, Иракта жалған құжаттар жасатуға, Мозамбикте базарда сауда жасауға, Йеменде ауаны немесе суды ластауға (көлік жуып, от жағып), Мароккода сіріңкемен ойнауға, Батыс Сахарада өрт ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады. Бұл әрекеттердің барлығына өлім жазасы беріледі.
3. Пәкістанда Мұхаммед Пайғамбарды балағаттағандарға, Руанда сиқырмен, дуамен айналысқандарға өлім жазасы бұйырады.
4. Қытай көргенсіз суреттерді шығарғандар мен ашық жезөкшелікке жай қарамайды, сиыр ұрлағаны үшін де бірден өлтіреді. Туристердің көбіне жақсы таныс темекі, есірткі контрабандасы үшін де өлім жазасы тағайындалған.
5. Саяхатшыларға Иран жерінде өте абай болу керек. Онда жарыңызға жасаған опасыздық, гомосексуализм, жезөкшелік, шамадан тыс ішімдікке салыну, Рамазан айында темекі шегу үшін өлім жазасы беріледі.
6. Мына елдерде есірткі өндіру және таратуға өлім жазасы жазылған: Қытай, Иран, Ирак, Пәкістан, Үндістан, Бангладеш, Шри Ланка, Египет, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Бруней, Оман, Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, Вьетнам, Лаос, Солтүстік Корея, Зимбабве.
Бұл жазалар бұрынғы ағылшын отарында болған елдерде дарға асу, француз отарында болған елдерде ату, мұсылман елдерінде басын шабу арқылы атқарылады.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: n-europe.eu, vk.com