Ақшаңыз күйіп бара жатыр ма? Бәрінен шаршап... тағы бір ғаламаттың иесі болғыңыз келе ме?
Жақында британдық салт-дәстүрлердің озық үлгісін жинаушы Эльза Кох есімді шебер адам терісінен жасалған қымбат дүниелерді тапсырыс бойынша жасап, сататынын айтты.
Тапсырыс беру мен сатып алуда ешқандай құпия жоқ. Заңды түрде рәсімделген дүниені еш қиындықсыз тұтынатын боласыз. Өз кезегінде бай достарыңыздың алдында мақтануға бір мүмкіндіктің туары сөзсіз.
Адам терісін қайдан алады дейсіз ғой? Олар күні бұрын жан тапсыратын адамдардан рұқсат сұрап алады. Содан кейін барып қана бұйым мен дүние жасауды қолдарына алады.
Бір айта кетерлігі, аталған дүниелердің бағасы тым қымбат екен. Мәселен, адам терісінен жасалған қапшықтың өзіне кем дегенде 15 мың доллар көлемінде ақша шығындау қажет көрінеді.
Айтпақшы, аталған "ақылды" жандардың өз сайттары бар. Қазірден бастап тапсырыс бере аласыз:humanleather.
сурет:petclub.md
Дайындаған: Фараби Арыстанбек