- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Ол ғарыштан көрінбейді:...
Ол ғарыштан көрінбейді: Ұлы қытай қорғаны туралы аңыздар
Ұлы Қытай қорғаны (Қытайша Ваньли чанчэн "Он мың шақырымдық қамал" деген мағына береді) – Қытайдағы ежелгі қорғаныс құрылысы. Әлемнің жеті кереметіне кіретін қорған Қытай патшалығының қуатты ел болғанын білдіреді. Екі жарым мың жылдан астам тарихы бар Қытай қорғаны адамзаттың сәулет өнері тарихындағы ғажайып кереметтердің бірі. Ол Қытай тарихында белгілі дәрежеде әскери қорғаныстық және Ұлы Жібек жолындағы сауда-саттық байланысында қауіпсіздік рөлін атқарды.
1961 жылы ҚХР үкіметі қорғанның көптеген тұстарын қайта қалпына келтіріп, мемлекет қорғауына алды, ал 1987 жылы ол адамзаттың мәдени құндылығы ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мәдениет және табиғат ескерткіштері тізіміне енгізілді.
©ikomek.kz
Тарихы
Қытай қорғанының құрылысы Қытай тарихындағы Чуньцю (“Көктем және күз” б.з.б. 770 – 476 жылы) және Чжаньго (“Жауласқан патшалықтар” б.з.б. 475 – 221 жылы) заманында салына бастаған. Ол кезде Хуанхэ алқабында жеті шағын патшалық жеке-дара өмір сүрді. Олар өздерінің солтүстігіндегі ғұн және дунху сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғыза бастады. Б.з.б. 221 жылы тұңғыш император Цинь Шихуанди өзге алты патшалықтың басын біріктіріп, біртұтас Қытай империясын құрды.
©wikipedia.org
Қорғандар бүтін емес, үзік-үзік етіп салынған
Хань империясы заманында қорған-қамалдар шығыста Ляодун түбегінен батыста Линьтаоға (қазіргі Ганьсу провинциясының жерінде) дейін жеткізілді. Қорғаныс қамалдарының бұзылып, бүлінген жерлерін Қытайды билеген әрбір патшалық жөндеп, қалпына келтіріп отырды. Әсіресе Мин әулеті солтүстігіндегі көршілері – шүршіттер (маньчжур) мен моңғолдардан қорғану үшін сол заманның ең озық техникасын пайдалана отырып, биік тау жоталары мен шатқалдарына және шөл далаға дейін қорғаныс қамалдары мен бекіністерін салдырып, қорғанды ұзарта түсті.
©pantv.livejournal.com
Шығыста Бохай теңізінің жағасындағы Шаньхайгуань бекінісінен батыста Ганьсу провинциясындағы Цзяюйгуань бекінісіне дейін созылып жатқан қорғанның жалпы ұзындығы 10 000 километрге жетті. Қытай қорғанының бүгінгі күнге дейін бүлінбей жеткен 5000 километрден астам бөлігі сол Мин дәуірінде жөнделіп, жаңадан тұрғызылған. Мұның негізгі бөліктерінің орташа биіктігі 7-8 метр, табанының ені 6,5 метр, үстіңгі жағының ені 5,8 метр. Қорғанның үстінде әр 100 метр сайын 2-3 қабаттан тұратын қарауыл мұнарасы салынған. Онда гарнизон сарбаздары тұрған, әрі қару-жарақ, оқ-дәрі сақталған.
Ал қорғаныс шебінің ең маңызды деген тұстарында ірі бекіністер, ішкі өткелдер бар. Қорғанның ішкі, ал кейде сыртқы жағынан тау жоталарының үстіне аралары белгілі қашықтықты сақтай отырып салынған дабыл мұнараларында күндіз түтін түтетіп, түнде алау жағу арқылы бір-біріне белгі беріп отыратын болған. Осы тәсілмен аз уақыттың ішінде 5000 шақырым алыс жерге әскери дабыл беріп, қауіп-қатерді хабарлай алған.
©wikipedia.org
Бүгінгі қорғандар біз ойлағандай ерте емес, салыстырмалы түрде кеш салынған
Құрылыс б.э.д VII ғасырда басталып, ежелгі Қытайдың әр түрлі мемлекеттері жүргізген. Қытайдың алғашқы императоры Син Шихуанди б.з.д. ІІІ ғасырда өзінің билігі кезінде құрылыс бөлшектерін біріктіре бастады. Алайда, бастапқыда салынған қабырғалардың барлығы дерлік уақыт өте келе жойылып кеткен. Мин әулеті қабырғаның басым бөлігін 1368-1644 жылдар аралығында көшпелі моңғол тайпаларының солтүстікке басып кіруіне жол бермеу үшін тұрғызған.
Ресми дерек бойынша, Мин династиясы 8 850 шақырымға созылған бүгінгі тарихи жәдігерді салған. Оның 6 259 шақырымы – нақты қабырға. Бүгінде туристердің ең көп баратын орындарының бірі – Бадалин, Мутианю және Цзиншанлинг. Бұл аймақтар Пекинге жақын жерде орналасқан. Бадалинг пен Цзиншанлинг қабырғасы біздің дәуіріміздің ХVІ ғасырында толығымен қайта қалпына келтірілген. Бадалингингке АҚШ президенті Ричард Никсонның 1972 жылы Қытайға жасаған тарихи сапары кезінде барған екен.
©oko-planet.su
Қорған баяу мүжіліп барады
Ұлы Қытай қорғаны қабырғасы 15 түрлі аймақ арқылы өтеді. Мұндай үлкен кеңістікте қорған тұрғызу өте қиын процесс. Құрылысқа 2 миллионнан аса адам қатысқаны айтылады. 2014 жылғы есепте ескерткіштің 10 пайыздан астамы ғана жақсы сақталғаны хабарланған. Бүгінде туристер ескерткіш жәдігер ретінде және жергілікті тұрғындар құрылыс үшін қабырғаның тасын тасып әкетуді әдетке айналдырған.
©twitter.com
Ол ғарыштан көрінбейді
Ұлы қытай қабырғасының ғарыштан көрінетіні туралы аңыз – тарихи жәдігерге қатысты әңгімелердің ең кең тараған нұсқасы. Мұндай аңыз шамамен 1938 жылдары пайда болған. Бірақ бүгінге дейін ғарышкерлер бұл аңыздың өтірік екенін дәлелдеген. Ұлы қытай қорғаны тіпті Жердің төменгі орбитасынан да көрінбейді. Оның көрінбеуінің басты себебі қабырға табиғи жыныстармен біртектес болуында екен.
Т. Раушанұлы