Оқушы жұмыртқа жарып Гиннеске енді

Оқушы жұмыртқа жарып Гиннеске енді

АҚШ-тағы корольдік орта мектептің түлегі Гиннес рекордтар кітабына енді. Оқушы Дэймроу 60 секундта маңдайымен 142 жұмыртқаны жарды. Бұған дейінгі рекорд 130 жұмыртқа болатын.

Айта кетелік, Дэймроу бұған дейін рекордты бірнеше рет жаңартуға тырысқан еді. Дегенмен ол кезде үміткер 130 жұмыртқадан әріге бара алмап еді. Бұдан соң оқушы анасының мейрамханасынан шықпай, күні-түні дайындық жұмыстарын жүргізген. Оның бұл жетістігіне футболға деген махаббаты себеп болыпты.

"Жұмыртқаларды жару кезінде маңдайы жансызданып кетті. Тіпті жұмыртқаның қабықтары маңдайымды кесіп кетті", - деді Дэймроу журналистерге берген сұхбатында.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: topnews.ru

Massaget