Обаманың оққағары жатжерлік екен

Обаманың оққағары жатжерлік екен

АҚШ президентін гуманоид-жатжерлік күзететін болып шықты. Сенбесеңіз, төмедегі бейнебаяннан бәрін өз көзіңізбен көріп, біле аласыз.

"Жатжерлік күзетші" туралы бейнебаян өткен жылдың 4 наурызында Америка-Израиль комитетінің қоғамаралық байланысы талқыланған кеште түсіріліпті.

Әрине, қай кездегіндей Ақ үй бәрін теріске шығарып, өздерінің мұндай қылыққа ешқашан бармастарын айтып әлек.

"Бейнебаяндағы болжамның растығына кепілдік бере алмаймын. Егер американ президентін жатжерлік адам мен құлтемірлер қорғайтын бағдарламалар жүзеге асып жатқан күннің өзінде, бәрібір де қатаң тыйым салынып, жоққа шығара едік" - дейді АҚШ-тың ұлттың қауіпсіздік комитетінің баспасөз-хатшысы Кейтлин Хэйден.

Бізге беймәлім комментатор кадр алдында аузын жаппауда: "Алғашында құпия агенттіктің күзетшісі болып көрінері сөзсіз. Алайда, біртіндеп оның сыртқы бет-бейнесінен жат белгілерді көре бастайсыз. Келесі бір ракурсте басын арлы-берлі теңселтіп тұрғаны көрінеді. Сол уақытта аталған күзетшінің аузы, мұрны, бет-аузы адам баласына ұқсамастығын аңғарасыз". 

Ақыр аяғында комментатор жалғыз ғана шындық болу мүмкін пікірге тоқталып, өзге планетадан келген жатжерліктің қанша тырысқанымен адам болып көріне алмайтынын баса назарға алады.

сурет:oko-planet.su 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига