ОАР-да 25,5 карат тартатын көк алмаз табылды

ОАР-да орналасқан Petra Diamonds компаниясына тиесілі кен орнынан табиғатта өте сирек кездесетін, салмағы 25,5 карат болатын көк алмаз табылды. Сарапшылардың пікірінше, табылған олжаның құны 10 миллион АҚШ долларынан асып түсуі мүмкін. Бір қызығы, бағалы тас табылысымен аталған компанияның акциясы бірден шарықтап шыға келген. Алмаз Претория қаласына жақын жерде орналасқан Куллинан шахтасынан табылды. 

Айта кетейік, көк алмаздар табиғатта өте сирек кездеседі. Бағалы тасты қазып алу үшін кейде мыңдаған тонна жыныстарды қопарып шығуға тура келеді. Бұл жұмыс бірнеше жылды қажет ететін, қымбат өндіріс түрі болып табылады. Осы жерден табылған 26,6 карат тартатын көк алмаз 2009 жылы Sotheby's аукционында 9,49 миллион долларға сатылып кеткен еді. Кейін ол тас сатып алушының атымен, яғни "Жозефина жұлдызы" деп аталды. 


1905 жылы дәл осы Куллинан шахтасынан адамзат тарихындағы ең үлкен алмаз табылды. Ол 3106 карат тартқан екен. Кейін оны мамандар "Үлкен Африка жұлдызы" және "Екінші Африка жұлдызы" деген бриллиант әшекейлерге бөлді. Олар өз кезегінде Англияның королі Эдуарда VII мен Британия империясының тәжін әшекейлеуге пайдаланылды.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

 сурет: m.newsru.com