Нью-Йоркқа саяхат (3-бөлім)

Басы

Біз орналасқан Мандарин ориентал қонақ үйі әлемдегі танымал қонақ үйлердің бірі. Қонақ үй сапасы кірген беттен көрінеді. Жымия қарсы алған швейцар қызметкер қонақ үйге келгеніңді көріп қуанғандай. Бөлме іші керемет, жан-жағы тереземен қоршалған. Бұл бөлме қонақ үйдің 50-қабатында. Терезеден көрінген қала әсем көркімен бізге күліп тұрғандай! Бөлме іші жайлы, мұнтаздай таза.

Терезеден көрінген мына көріністі қарасаңшы, неткен сұлулық! Мұхиттан соққан самал жел мен саябақтан келген табиғаттың жұпар иісі есіңді алып, сұлу көріністен көз тайдыра алмай қаласың. Бұндай әсем әсер көңіліңе күш беріп, қаланы тезірек аралауға еріксіз құлшынасың. Кеттік саябаққа!

 Орталық саябақ Нью-Йорк қаласында ғана емес, бүкіл әлемдегі үлкен саябақтардың бірі болып есептеледі. Төртбұрышты саябақ 3400 м2 аумақты алып тұр. АҚШ-тың ең көп адам жүретін жері болып есептелетін саябаққа жылына 25 миллион адам келіп-кетеді. Бұл саябақты атақты еткен де кинолар мен түрлі бағдарламалар. Шынайы көрінгенімен, саябақ Фредериком Олмстед және Калвертом Воксом деген архитектор кісілердің жобасы бойынша қолдан жасалынған.Саябақ бірнеше көлдерімен, аллеяларымен, жарыстарда қолданылатын екі мұз айдыны және жануарлар әлемімен халыққа қызмет етеді. Саябақты Манхэттонның жасыл өкпесі деп те атайтындар кездеседі. Колумбус көшесі бойын жүріп орталық саябаққа кірген болдық. Саябақ іші пикник жасаған, велосипед айдаған, жүгірген, бала-шағасымен ойнап жүрген адамдарға толы... Саябақ тынымсыз тіршілікке толы..

Жалғасы бар...

Суреттер www.mandarinoriental.com,  www.panoramio.com сайтынан

Форумда талқылау