Нью-Йорк - алып елдің алып қаласы

Нью-Йорк - алып елдің алып қаласы

Нью-Йорк Америка Құрама Штатының ірі қаласының бірі, экономика және өнеркәсіп орталығы. БҰҰ штаб-пәтері орналасқан.

Жалпы мәлімет

Аудандары: Манхэттен, Квинс, Стейтен Айленд, Бруклин, Бронкс

Тілі: ағылшын

Ақша бірлігі: АҚШ доллары

Діні: протестантизм, католицизм, иудаизм

Халықаралық әуежайлары: Кеннеди (JFK), Ньюарк, Ла Гардия

Порт: ірі жүк терминалы

Аумағы: 1214 шаршы шақырым, 1/5 бөлігі жасыл алқаптар

Халық саны: 8,2 млн адам, шоғырланған адам саны 18,5 млн

Халық тығыздығы: 6755 адам/шаршы шақырым

Халық тобы: ақ нәсілділер 44%, қара нәсілділер 26%, ата-тегі Латын Америкадан шыққандар 27%, Азиядан шыққандар 10%

Климаты: мұхитты, қаңтар айында орташа температура 0ºС; шілде айында +25ºС

Экономика: балық аулау, кеме құрылысы, АҚШ экономика және сауда орталығы

Қызықты мағлұмат:

  • 1886 жылы АҚШ тәуелсіздігінің 100 жылдық мерейтойына арнап Франция елі достық қарым-қатынастың құрметіне Бартольдинің «Азаматтық мүсінін» сыйға тартқан.

 

  • Сары такси – Нью-Йорк қаласының ерекше белгісі. Манхэттенде 11 000 «кэб» айналып жүреді.

 

  • 1965 ж 11 қарашасын «Ұрылар мерекесі» деп атайды. Дәл осы күні Нью-Йорк пен АҚШ-тың солтүстік-шығысында 25 млн. тұрғынның 24 сағатқа электржарығы сөндіріп тасталды. 

 

Нью-Йорктың көрікті жерлері

 1.      Манхэттен Нью-Йорктың мәдени, экономикалық, интеллектуалды орталығы. Әлемнің қаржы кезеңін қалыптастырып, дизайнерлік, театралды жобаларды бекітеді.

2.      Нью-Йорк орталық саябағы жасыл желекке толы, ландшафты дизайнге бай үлкен саябақ. Зәулім ғимараттардың бойымен ұзындығы бірнеше шақырымға жетеді.

 

3.      1870 жылы Америка суретшілері, ойшылдары мен кәсіпкерлері «Метрополитен» мұражайының негізін қалады. 1874 жылы көпшілік қауымға есігін ашқан бұл мұражайда 2 миллионнан аса құнды жәдігер мен өнер туындалары бар. Мұражайдан Ежелгі Мысыр дәуірінен бастап осы күнгі шеберлердің жұмыстарын көруге болады.


 4.      Төменгі Манхэттенде орналасқан Бэттери саябағы Нью-Йорк қаласының барлық көрікті жерлеріне жол ашады.

 

5.      1928 жылы Рокфеллер әулетінің ықпалымен Манхэттендегі ғимаратта алты үлкен бөлмелі мұражай негізі қаланған. Мұражайда ХХ ғасырдың төл туындылары  сақталған. Жыл сайын мұражайға 2 670 000 адам келеді.


 6.      Нью-Йорк қаласының жүрегі саналатын ең ірі көше -  Бродвей көшесі.  Ұзындығы 80 шақырымға жететін бұл көшеде тәулік бойы шамдар самсап жанып тұрады. Ірі дүкендер, театр мен орталықтар көшені бойлай салынған.

 

*Суреттер ғаламтор беттерінен алынған

Ғ. Ұзақ