Норвегиялық қытайлықтарды таң қалдырды

Норвегиялық қытайлықтарды таң қалдырды

Норвегиялық акробат Эскиль Реннингсбаккен Қытайдағы Хуань провинциясындағы каньондардың бірінде қауіпті трюк жасады.

Шебер 300 метр биікте орналасқан Айжай көпіріне шығып алып, турникетте түрлі шеберлік әдістерді орындады.

Айта кетелік, ролик ҚХР-дың мемлекеттік телеарнасынан көрсетілген.

Бұл норвегиялық азаматтың көпшілік алдында орындаған алғашқы трюгі емес. Бұған дейін каскадер бір дөңгелекті велосипедпен жарты километрлік жарқабақтың шетімен жүріп өтіп, танылған болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: YouTube.com сайтынан скриншот

Massaget