Зеңгір жағажайдағы Ницца қаласы әлем халқын естен кетпес карнавалдың қонағы болуға шақырады.
Қазір бүкіл қала осымен 129-рет өтіп жатқан карнавалдың аясында би билеп, қызыққа батып жатыр.
Әлемнің 17 елінен келген 70 көркемөнер ұжымы туристерге шынымен-ақ ұмытылмастай әсер сыйлайды. Әртістер Италия, Қытай, Румыния, Швейцария секілді елдерден келген нағыз кәсіпқой мамандар.
Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін биылғы карнавалдың 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында өтетіндігі айтылған еді.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: news.cn