- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- НАСА ғалымы елді...
НАСА ғалымы елді сабырға шақыруда
НАСА ғарыш агенттігінің ғалымы Дэвид Моррисон осыдан 10 жылдан бері жер бетіндегі түрлі құбылыстар туралы өз пайымын айтып, халықтың көзін ашумен келеді.
Соңғы кезде жұртты алаңдатып жатқан басты сұрақ ақырзаманның рас-өтірігі болып отыр. Нибиру ғаламшарының жақындап келе жатқаны да көпшіліктің ақырзаманның дәл 21 желтоқсанда болатынына сендіруде. Астробиология институтының ғылыми қызметкері Моррисон тіпті адамдардың өз-өзіне қол жұмсап жатқанын да айтқан. Оның пікіріне сенсек, 2008 жылы оған күніне 5 хат келіп түсіп отырса, қазіргі кезде «Ақырзаман 21 желтоқсанда бола ма?» деген сұрақ мазмұнындағы хаттардың астында қалған. Ғалым «Үйдің ауласынан қорған болатындай етіп жер қазсам тірі қаламын ба?» деген сұрақ келетініне кейде тіпті күліп алатындығын жасырмады.
«Егер Нибиру ғаламшары бізге дәл 21 желтоқсанда келіп соғылатын болса ол қазірдің өзінде бізге аспаннан көрініп тұруы керек еді. Осыны қарапайым халық не үшін түсінбейтінін білмеймін. Өлудің қажеті жоқ».
|
Дэвид Моррисон, Nasa ғалымы |
Ал бірде Моррисонға Калифорния штатындағы орта мектеп мұғалімінен хат келген көрінеді. Хатта оқушылардың ата-аналары бірігіп алып, өз балаларын өлтіруге, сосын өздерін өлтіруге бел байлап отырғаны жазылған.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: lenta2012.ru
А. Құлтай