Кэффри атты мысық артқы табанынан айырылғаннан кейін қалған үшеуімен жүруді үйренген еді. Өкінішке орай, бірнеше ай бұрын оның алдыңғы табанын кесіп алып тастады. Енді ол қалған екі табанымен қатынауға мәжбүр.
Осыдан он жыл бұрын аталған мысық жол апатына түсіп, артқы сол табанынан айырылған екен. Жасалған операциялардың арқасында қалған үш табанының жарақаттанғанына қарамастан жүруді үйренген.
Өкінішке орай, төрт ай бұрын, Кэффидің алдыңғы табанында ісік пайда болған, алайда, үй жануарына жаны ашыған үй иесі мысықты химиотерапияға душар етіп немесе «ұйықтатып» тастатқысы келмегендіктен, ауру табанын ампутациялауды жөн көрген.
Мал дәрігерлері мысықтың қалған екі оң табанымен жүріп үйренуіне бірнеше апта кететінін болжаған. Бірақ, «батыр» мысық бар болғаны бірнеше күннен кейін-ақ тепе-теңдікті сақтаудың ебін тауып алады. Бұл мысықпен күні бойы айналысқан көрші тұратын сегіз жасар баланың арқасы.
Ампутациялаудан екі ай өте Кэффри көшеде секіру арқылы қатынай алатын болды. Осылайша, ол барлығына өзіңді аяудың қажеті жоқ екенін дәлелдегендей.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: webpark.ru