Америкалық мүсінші Христо Явашев өзінің ерекше, тың идеясын жүзеге асырмақ. Ерекше дүниелерге жаны құмар мүсінші өз ойынан туған пирамиданы Абу-Дабиден 100 шақырым қашықтықтағы шөл далада тұрғызбақ. Пирамиданың бір ерекшелігі оның қиық түрде салынатындығы болып отыр.
Егер жоба жүзеге асып жатса, "Мастаба" (Mastaba) аталатын пирамида әлемдегі ең үлкен жасанды құрылыс атанады.
Жобаның есептелген құны 340 миллион долларды құрайды екен. Ал пирамиданың өзі 400 мыңнан аса әртүрлі түстегі мұнай өнімдерін құятын бөшкелерден тұратын болады. Нысан биіктігі 150 метр. Яғни ол Гизадағы Хеопс пирамидасынан 4 метрге биік болмақ.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com