Үндістанның Мумбай қаласында ерекше ғимараттың кірпіші қаланбақ.
Бұрынғы ғимараттардан оқ бойы озық тұратын үйдің құрылысы да тыңнан сүрлеу салған сәулетшілердің арқасында жаңа көрікпен салынбақ. Мәселен, алыстан асқақтап тұратын ғимараттың дәл орта тұсында әйнектен жасалған жұмыртқа пішіндес лофт орналасады. Және мұнымен қоймай ауа-райы жақсы күндері үйдің төбесі ашылады екен.
Ғимараттың ішкі бөлігі көрме қоятын орындар мен бассейнге арналып салынбақ. Бір айта кетерлігі, әр балконға бір-бір бассейн салу жоспарланып отыр.
Ең қызығы сол, үйдің көп бөлігі әйнектен түзіледі. Мысалы, еден, есік, қабырғаларды жасау үшін тек қымбат әйнектерге тапсырыс берілген. Сонымен қатар әр бөлменің сәні өз алдына бір бөлек тосын сыйдай болады деп отыр. Себебі, үй ішін безендіру мамандары дизайнға қатты көңіл бөлсе керек-ті.
Сіздің ойыңызша, бұл үй қандай мақсатта соғылып жатыр? Қандай мақсатта қолданылады екен?
Дайындаған: Фараби Арыстанбек