- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Мулен Ружға шақырту...
Мулен Ружға шақырту алуыңыз мүмкін
Армандаңыз! Армандауды ешқашан тоқтатушы болмаңыз! Әйтеуір, бір күні армандар ақиқатқа айналып, есіңізден танарлықтай бақытты сәтті сыйлайды. Әсіресе, мәңгілік мереке мен шат-шадыман думан салтанат құратын Мулен Ружға шақырту алуыңыз әбден мүмкін.
Франция! Париж! Эйфель! Және Мулен Руж! Бәрі де бір-бірімен егіз, бір-бірінсіз жетімсіреп тұратын ұғымдар...
1889 жылы қазан айының алтыншы жұлдызында Бүкіләлемдік Париж көрмесі өткен болатын. Осы көрме барысында бүгінде айдай әлемге танымал Қызыл диірмен - Мулен Руж кабаресінің есігі ашылады. Неге қызыл, неге диірмен дейсіз бе? Өйткені, Мулен Ружға жақын маңда "Қызыл шамдар" атты аудан бар, үйлестік болу үшін диірменнің түсіне қызыл түс таңдалған. Сонымен қатар, ғимарат артында көненің көзі саналатын атақты Монмартра-Мулен де ла Галет (әлі күнге дейін бұзылмаған) диірмені орналасқан.
О бастан-ақ осындай үйлесімділікке құрылған ойын-сауық орталығының ерекшеліктерін өз көзіңізбен көргенде ғана мойындайсыз!
Қызыл түсті жарқын қанаттарын жайған Мулен Руждың түтіні жүз жылдан астам уақыт бойы әлемнің ең беделді адамдарын қабылдаудан шаршаған емес. Ал таңғажайып әсерге бөленген қонақтар мұнда қайта айналып келуден ешқашан бас тартқан емес.
Мулен Руж - мұражай мен ақсүйектерге арналған түнгі клубтың ортасындағы дүние. Ғимарат ішіне қойылған шығыстық, еуропалық үлгідегі антиквариаттар көрген көздің жауын алады.
Луиза Вебер, Жанна Авриль («Динамит») сынды бишілер мен әнші Иветта Гильбердің, клоуншы Ша-Ю-Каоның танымал болуына себпкер болған да - осы Мулен Руж. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың басында Мулен Руж сахнасында Морис Шевалье, Жан Габен, Элла Фицджеральд және Эдит Пиаф, Элтон Джон, Михаил Барышниковтар өнер көрсеткен.
Суреттер:parisweb.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева