Әлемтану айдары өз оқырмандарын сонау мұхиттың арғы жағындағы Аустралия құрлығына саяхат жасауға шақырады. Бізбен бірге болыңыздар! БүгінТасмания аралыныңатын естігенде селт етпейтін турист жоқ десе де болады. Өйткені ешбір жерде қайталанбас табиғат сұлулығы кімді болсын баурап алары хақ. Адам жанын тыныштандырар көкорай шалғын... Ерекше жануарлар әлемі... Көрген көзді күлімдетер суасты патшалығы... Бұлардың бәрі де сізді де қызықтыратындығына сенімдіміз. Аңыз аралдың тағы біререкшелігі: мұнда жер бетіндегіжаңбырлы ормандардыңең соңғысы сақталған. Тасманиядағы2000-4000 ммылғалдықта әлі зерттелмеген, ғылымға енбеген небір тірі ағзалар мекендеуде. Қазіргі таңда аралдағы табиғат байлығын қорғау мақсатында Ұлттық саябақ құрылған. Аралдың түпкі мекендеушілеріаборигендерсаналады. Алайда, олар бүгінде жер бетінде қалмаған екен. Тасманияның климаты да тым ерекше:қыста +17, ал жазда +8 болады.Онда қонақта бола қалсаңыз, қар жамылған джунглидің куәгері бола аласыз. Аралдың ең көрікті жерлерінің бірі Крейдл тауы. Оның биіктігі 1500 метрді құрайды. Жаздың ыстық күндерінде де таудың басы ақ қардан жасалған бас киімін тастаған емес.