Флоридада тұратын жергілікті тұрғындардың бірі мұхит жағасына шығып қалған үлкендігі доптай болатын көз тауып алыпты. Әзірге әлгі көздің кімге тиесілі екені анықталмай отыр.
10 қазан күні Форт-Лодердейл қаласының жағалауынан Джино Коваччи есімді ер азамат кездейсоқ әлгі көзді тауып алған. Және табылған уақытта көру мүшесінен енді-енді қан шығып жатыпты.
Жерден алтын тапқандай болған Коваччи мырза бастапқы уақытта көзді өз үйінің тоңазытқышында сақтап келіпті. Алайда, белгісіз бір себептерге байланысты (үлкен көзден құтылай алмай кетсе керек) милиция бөліміне хабарласқан. Олар өз кезегінде Флориданың табиғатты қорғау ортасына хабарласқан.
Қазіргі таңда аталған өлкенің зерттеушілері үлкен көздің кімге тиесілі екенін біле алмай, интернет бетіне шығарып отырған жайы бар. Ең қызығы сол, көптеген адамдардың ойынша үлкен көз сегізаяққа, не болмаса қар адамына тиесілі екен-міс.
сурет: sky.com
Дайындаған: Фараби Бақыт