Мұхит төріндегі гүлдер

Мұхит төріндегі гүлдер

Олар Солтүстік Мұзды мұхитында жайқалып, етек жайып жатыр. Алдымен біріншісі, іле екіншісі, әрмен қарай мың сан түрі айдың судың ақ шағаласындай су бетінен тұрақ тапқан. Фантастикалық аппақ гүлдердің осы қалыбы көздің жауын алып, көңілге жылы сезім ұялатып, ғаламат сезім-күйге бөлейді.

Әрине, бұлар табиғи гүлдер емес. Жай ғана ауа мен су аралығындағы пайда болған мұз мүсіндері.

«Ғаламат» үшін экстремальды суық (ауадағы суық су бетінің салқындығынан жоғары болуы тиіс) және ауаның құрғақ болуы қажет. Міне, осы жағдайда ауа судың ылғалын жоғарыға көтеріп, нәтижесінде су бетіндегі суықта бірден қатып, аппақ гүлдердің мүсінін түзеді. Кейде су бетінен 7-10 сантиметрге асқақтап шыға келетіні бар. Соның бір көрінісі алдарыңыздағы гүлдеп тұрған өсімдік.

сурет:he4to.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига