Миллион раушан гүл және басқалар...

Миллион раушан гүл – әдемі аңыз немесе соңғы кезде Мейрамбек пен Розаның әніне арқау болып жүрген әуезді ән ғана емес, шынайы құбылыс. Себебі, анадан мынаған дейін кілемше созылып жататын қыраттардан миллион ғана емес, миллиардтаған гүлді көруге болады емес пе? Гүлді ұнатасыз ба? Гүлді мекенде болу армандайсыз ба? Жазба сіз үшін.

Төменде гүлдердің кереметтей көрінісін тамашалауға болатын мекендер топтастырылған.

1. Ұлыбритания: нәркес пен қоңыраугүлдер

Көктем шығысымен мыңдаған турист маусымның басты "қаһармандарын" тамашалау үшін британдық ормандар мен саябақтарға аттанады. Бұл елде нәркес (нарцисс) пен қоңыраугүл өте кең таралған. Бірақ, бірнеше шақырымға дейін созылып жататын алқапты тек бір жерден ғана ұшырастырасыз.

2. Нидерланды: қызғалдақ пен сүмбіл


Тек Голландиядан ғана жеті миллион қызғалдақты бір мезетте көруге болады. Сәуір және мамыр айларында көлікке отырып алып, Харлемнен Лейденге дейін жүріп өтіп, Кекенхоф саябағына бас сұққан адамның арманы жоқ шығар... Айтпақшы, бұл өлкеде велосипед тебу де керемет сезім сыйлайды.

3. Тоскана, Италия: күнбағыс


Тоскана қаласының негізгі нышандарының бірі – күнбағыстар. Гүлдену рәсімі мамыр айының соңында басталып, шілде айына дейін созылады.

4. Прованс, Франция: лаванда


Лаванданың түрі көп және ол өсетін аймақтар да жетіп артылады. Алайда, классикалық күлгін хош иісті лаванда Францияда ғана бар. Оларды көргіңіз келсе шілде мен тамыз айларын қалт жібермеңіз.

5. Болгария: раушан


Қазанлық қаласының маңындағы раушан алқабын айтпай кетуге болмайды. Болгарлар бұл жерді "Алқызыл алқап" деп атайды екен. Алдыңғылармен салыстырғанда әдемі болмаса да, иісіне жетер жер жоқ.  Бүкіләлемдік раушан майының 85%-ы осы жердегі гүлдердің күлтелерінен алынады екен. Мамыр-маусым айларында келу керек. Маусым айының басында Раушанға арналған фестиваль өтеді.

6. Жапония: немофила


Hitachi Seaside саябағында миллиондаған нәркес, қызғалдақтың 170 түрі және басқа да гүлдер "өмір сүреді". Сөйтсе де, адамдар бұл жерге кішкентай ғана жабайы гүл немофиланы арнайы іздеп келеді. Немофила гүлдеген кезде аспан да, жер де көгілдір түске бөленеді.

7. Қытай: рапс даласы


Оңтүстік Қытайдың аты осы бір алтын түсті рапсымен шығып жүргенімен, Menyuan өлкесі рапстың Отаны саналады. Осыншама сары гүлді тек қана осы жерде, тек қана шілде айында көре аласыздар.

8. Namaqualand, Намибия мен БАӘ-нің арасында: сарғыш түймедақтар 


Әрбір көктем сайын табиғат осы жерде сиқыр жасайды. Ең алғашқы жаңбырлардан кейін-ақ, қаңырап жатқан дала жабайы гүлдерден кілем тоқиды. Осындай бақытты жердің негізгі мақтанышы әрі нышаны – сарғыш түсті оңтүстікафрикалық түймедақ.

9. Калифорния, АҚШ: көкнәр


Бәлкім, сіз де көкнәр жазығы сұлу болу керек деген ойда шығарсыз. Әрдайым олай емес. Антилоп алқабы көкнәр гүл жармас бұрын сарғыш түске бөленеді. Ал иіс... Иіс ұйықтатып жіберуі мүмкін.

10. Техас, АҚШ: көгілдір бөрібұршақ (люпин)


Техастың нышаны саналатын көгілдір сұлу айналаны көк түске киіндіреді. Бұл – табиғат пен штаттың көлік департаментінің жемісі. Олар жылына 13 тонна дән себеді екен. Остин, Сант-Антонио және Лампасас аймақтарынан да осындай ғажайыпты көруге болады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com