- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Менің саяхатым!...
Менің саяхатым!
Пауло Коэльоның саяхат ережесі:
1. Мұражайдан аулақ. Бұл кеңесім құлаққа түрпідей естілсе де, алдымен бір нәрсені ойланып көрелікші: басқа қалаға барғанда, саған оның өткен күнінен гөрі бүгінгісі қызық болмай ма? Мұражайға баруды адамдар талқыға түспейтін міндеттей көреді. Бала жастан балалары мәдениетке бір табан жақын болсын деп, ата-аналары қандарына сіңісті қылып тастаған. Әрине, мұражай барған дұрыс, бірақ, алдымен өзіңнің не көргін келетінінді біліп барғанын абзал. Әйтпесе, мұражайдан ұзай бере өмірде бір-екі маңызды нәрсе көргеніңді, сөйт тұра, олардың не екенін білмейтіндігін аңғарылып, бір түрлі сезім ұяламақ.
2. Барларға бар. Қаланың нағыз тіршілігі сонда. Мен бұл жерде дискотеканы емес, сыра ішіп, құдай туралы, ғалам туралы, дүние хақында еркін талқы жасап, кіммен болсын, ашық, еркін әңгімелесе беретін жергілікті тұрғындарды меңзеп отырмын. Жай ғана бір газет сатып ал да, біреуінің қасына барып отыр, болып жатқан оқиғаларға назар сал. Егер бірі келіп, өздігінен әңгіме бастап жатса, ол әңгіменің саған қызықсыз болғанына қарамастан, әңгімеге қосылып кет. ...Жолда жатқан сұлулық ешқашан ашық есіктен көрінбек емес.
3. Ашық бол. Жақсы гид - жергілікті жұрттың өзі. Олар бәрін біледі, қаласымен мақтанады, бірақ, агенттікте жұмыс жасамайды. Жай ғана көшеге шық та, бір адамды таңда. Мәселен, мынадай сұрақ қойып көр: қалай жол тапсам болады? Ал егер біріншісімен жол болмай жатса, онда екінші бірі міндетті түрде келісе кетпек. Міне сонда, мен айтқандай, күні бойына жақсы ерісті (сопровождение) табатын боласың.
4. Жалғыз саяхатта немесе егер жолдасың болып жатса, серігіңмен шық. Тек, осылай ғана шынымен өз еліңді тастап кете аласың. Ал егер сен топпен бірге қыдырыстап жүрсең, саяхаттың бар мәні онда көз алдыңда жоғалмақ. Гидтпен ере жүріп, өз тіліңде сөйлеп, келіп жеткен жердің қызығын емес, шыға берістегі өсек болады аңдығаныңыз.
5. Салыстыра көрме. Ешнәрсені салыстырушы болма: бағасын, тазалығын, өмір сапасын, транспортын. Ешнәрсесін! Өзіңнің жақсы өмір сүретіндігіңді дәлелдеу үшін саяхаттап жүрген жоқсың. Өзгелердің тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ таныс және олардан нені үйренуге болады екен, соны тап.
6. Бәрінің өзіңді түсінетінін біл. Егер сен сол елдің тілінде сөйлей алмасаң да, қорықпа: мен өз басым көптеген елдерде болып, әр жолы сөзбен түсіндіре алмай жатқан тұстарда да көмек табатынмын. Маңызды кеңестер мен, тіпті, жақсы достарды тауып қалатынмын.
Біреулердің бір қорқынышы, саяхатқа егер жалғыз болып барса, адасып кетем бе деп қорқады. Қонақүй визиткасы қалтаңызды жүрсін немесе қысылтаяң шақ туа қалса, такси қызметін пайдаланып көрерсің.
7. Шектен тыс көп зат сатып алма. Қаржыны өзіңмен бірге алып жүруге тура келмейтін, қалтада жүретін заттарға жұмса: театрға билеттер, экскурсия. Қазіргі уақытта барлық нәрсені интернеттен-ақ сатып ала қоюға мүмкіндік бар.
8. Бір айда әлемді аралап шығуға тырыспа. Бір аптада бес қаланы араламай-ақ, одан гөрі, бір қалада төрт-бес күнге жата тұр.
Қаланы қырсық келіншекпен салыстыруға келетіндей. Барлық тұсын көру үшін және өзіңді ынтық етуі үшін біраз уақыт қажет.
9. Саяхат - бұл қызық оқиға. Генри Миллер айтып кеткендей: «Римге барып, Сикстин капелласына бас сұғуға міндетті болып көрінгенше, оның орнына, ешкім естіп-білмей келе жатқан ертеректегі бейтаныс шіркеуді ашқан дұрыс».
Өміріңді өзгертуі мүмкін көшелердің бәрін кезіп шық. Еркіндікті толық сезін де, өзің іздеген және бұрын-соңды ешқашан кезіктіріп көрмеген нәрсені тап.
Cурет:www.baomoi.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига