Менің Еуропадағы күндерім

Менің Еуропадағы күндерім

Ар ма, Әлемтану оқырмандары! Әлемтану айдарының бүгінгі кейіпкері – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 2-курс магистранты Серікбол Шәймардан. Қазақстандық магистранттың Еуропа жеріндегі қызықты оқиғалары туралы оқи отырыңыздар.

 

 

Сәлеметсіздерме! Массагет оқырмандары, ЕҰУ магистранты атану маған Еуропаны саяхаттауға мүмкіндік берді. Негізі магистранттық ғылыми тәжірибеден өтуге Бельгияға барғанбыз, осы бір орайды пайдаланып, мүмкіндігімізше Еуропаның басқа елдерін де көріп қалуды мақсат еттік.

 

 

Бізді Бельгияның Антверпен қаласында орналасқан Антверпен университетіне практикаға жіберді, ал осы университетте бұрын Эйнштейін сабақ берген екен. Антверпен - Бельгияның шағын қаласы болса да, бағалы тастарды өңдейтін ірі орталықтың бірі. Құрылыстары ескі, көшелері тар, тығыз орналасқан, қалада адам көп. Осындай жағдайлар бола тұра қалада мүлдем кептеліс жоқ. Себебі, қала тұрғындарының негізгі көлігі - велосипед. Көлігі барлардың тізгіндегені - шағын көлемдегі көліктер. Бұл қалада брендтер Қазақстанмен салыстырғанда шамалы арзан әрі таңдау да көп.

 

 

 


Бельгияның астанасы Брюссельді "әйнек қала" дерсің. Бүкіл құрылыстары шынымен көмкерілген. Жайнаған құрылыстарымен қоса, көше жолдары да тап-таза, ретті орналасқан. Антверпен атты орта ғасырлық қаладан 7 € жұмсау арқылы шығып,  40 минутта модернизацияланған қалаға өту адамға тек жақсы сезімдер сыйлайды екен.

 

 

Парижге ғашық болып қалдым! Қала арxитектурасының әдемілігімен қоса, талғаммен киінген, тартымды боянған адамдар да қала көркіне сән қосқандай. Алла қаласа, үйленгенімде жарымды ертіп келетін боламын.

 

 

Амстердамға барып, "Madame Тussaud" музейін көрдік. Бұл қалада кейбір xарам істер заң бойынша "xалал", қатты ұнаған жоқ.

Еуропадағы соңғы күнімді де бос жібермей Брюгге қаласына барып қайттым. 

 

 

Еуропаға бару бақыты бұйырғанына шексіз ризамын. Жер көру, ел көрумен өзіме көптеген жақсы нәрсе түйдім. Басқа елдің мәдениетін, тілін, ділін, тұрмыс-тіршілігін білу, сонымен өмір сүру - қызық әрі пайдалы.


Мүмкіндік болса, тағы да барып қайту жоспарымда бар. Ендігі жазда басқа елдегі саяхатыммен бөлісетін боламын деген сенімдемін!

Сурет: Серікбол Шәймардан

Қ. Бүйенбай