Мектеп оқушысының бойжеткен туралы дәлелі

АҚШ-тағы бастауыш мектептер оқушылардың ой-өрісі мен берілген сұрақ бойынша өзіндегі мүмкіндікті қалай жетік пайдалана білу керектігін тексеру үшін үнемі қызықты емтихан сұрақтарын ойлап тауып отырады. 

"Естімеген елде көп" дегенді қайта бір ойға алмасқа болмас. Оңтүстік Калифорниядағы бастауыш мектептердің бірі 6-сынып оқушыларының емтиханына «Қыз баланың жын-шайтан екенін дәлелде» деген сұрақ берген. Мұғалім емтихан парақшасындағы соңғы сұрақты дәлелдеу керектігін түсіндірді.

Жауап: Қызға сөз салып, соңынан түсу үшін уақыт және ақша жұмсау керек. Онда мынадай формуланы ойлап табуға болады: Қыз = Уақыт × Ақша (Girl = Time × Money / Уақытқа ақшаны көбейтсеңіз, қызға тең болады).

Ендеше біз «Уақыт – алтын» (немесе ақша) деген қағиданы білеміз. Онда формуладағы уақыттың орнын тағы бір еселенген ақшамен ауыстыруға болады. Нәтижеде: Қыз = Ақша × Ақша =Ақша 2 (Girl = Money × Money = Money 2 / Қыз тең ақшаның квадраты)

Сонымен бір уақытта «Ақшаны көріп періште жолдан тайыпты» (Money is the root of evil / Ақша – мыңдаған жамандықтың қайнары), формуладағы ақша сөзін жолдан тайған періштеге немесе root (қайнары) сөзі жамандыққа қайнар-негіз болып ақша тұр деген ұғымды береді. Ақша = жамандық (не жын-шайтан, Money = evil) деген жаңа формуланы қорытып шықсақ, Қыз = Ақша  мен теңестіріп, Қыз = Жолдан тайған періште деген нәтижеге ие боламыз.

Формула бойынша Қыз = Жәдігөй (Girl = Evil).

Мағынасы бар ма? Бар-жоғы бес минут уақытын жұмсаған 6-сынып оқушысы аппақ парақшаға бойжеткен қыздың жын-шайтан екенін формула арқылы дәлелдеп берген.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: michigan.gov