- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Маймыл қалай капрал...
Маймыл қалай капрал атанды?
Ғасырдан бұрынғы оқиғаға оралсақ адам мен жануардың әскердегі біріккен әрекеттерін көп байқаймыз. Адам таңғалатын бұл оқиға батыс баспасөз беттерінде талай мәрте жарияланса да, сіздер үшін арнайы тағы бір шолып өтсек дедік.
Джеки есімді маймыл
1915 жылы 25 тамызда ОАР азаматы Альберт Марр Британия әскері қатарына енеді. Бірақ оның бір өтініші үй павианы – Джекиді (маймыл) өзімен бірге алып жүру еді. Бұл маймылдың өзін-өзі қалай ұстағанына қарап, Оңтүстік Африкалық үшінші полкы жауынгерлері өз символына айналдырып алды. Аз уақытта Джеки арнайы тігілген әскери киім алды, тіпті жаяу әскер белгісі бар бас киім киді. Оның мәдениеттілігі соншылықты, тіпті ешқашан байлауда немесе торда отырмаған екен. Онымен қоймай, маймыл жоғары шенді офицерлерге ізет көрсете амандасатын болған. Пышақ пен шанышқыны ол адамнан қор пайдаланбайтын. Ал Джекидің анда-санда темекі шегетінін айтсақ, артық па, қалай?
Дәл осы жылы Альберт пен Джеки әскери істер жүріп жатқан аймаққа аттанады. Айнымас достар 3 жыл бойы түрік пен немістерге қарсы ұрысты аман-есен жүргізіп келген. Джекидің әскери әрекеттер барысында жауды алыстан-ақ сезіп, белгі бере алуы нағыз тапқырлық болды. Ал ұрыс алаңынан тауып алған жарамды зат болса ол дауыстап адамдарды шақыратын қасиетке ие болған.
Ливияның Агагия қаласындағы ұрыста Альберт жарақат алады. Зулаған оқ оның оң иығын тесіп өтеді. Сол кезде есті хайуан оның жарасын жалап, дәрігерлер келгенше көмек көрсетеді.
Ал 1918 жылы Бельгияның Пашендейл маңындағы шайқаста екеуі де жарақат алады екен. Көргендердің айтуы бойынша, Джеки жаңбырдай жауған оқтың арасында жүгіріп тас сынықтарынан қорған боларлықтай үйінді жинап, сол қорған астында өз егесінің өмірін сақтап қала алған екен. Бірақ өзі аяғынан жараланады. Бұл кезде ол ешкімнің демеуінсіз анестетик (анестезиялық дәрі) құйылған құтыны ақтара ішеді. Ал кейіннен, емханада оның оң аяғынан айырылғаны белгілі болады.
Джеки айыққанша әскери құбылыстар бітіп, ерекше батылдық көрсеткені үшін медаль тағынады. Ал 1918 жылы Лондонда өткен әскери парадқа қатысқан батыр-маймыл капрал шеніне дейін көтеріледі. Осыдан кейін ол 26 сәуір күні ресми түрде бейбіт өмір сүруге көшеді. Әскери зейнетақыға ие болған ол Преторияда өткен Әлем парадына да қатысып, елдің көзайымына айналған батыр болып шыға келеді. Бір жыл өткен соң Джеки фермада болған өрттен өледі. Ал егесі Альберт Марр 1973 жылға дейін өмір сүріп, 84 жасында қайтыс болады.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: furfurmag.ru
А. Құлтай