- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Маугли-қыздың өмірі...
Маугли-қыздың өмірі
Осы бір қыздың балалық шағы көпшілікті әлі күнге қызықтырады.
1990 жылы француз фотографтарының отбасында дүниеге келген қыз бала Африканың иен даласында өсіп жетіледі. Көпшілік жануарлармен ерте жастан-ақ тіл табысып үлгеріп, 28 жастағы африкалық пілді, оның қатарында леопард, арыстан, керік, түйеқұс, мангуст, қабылан, қолтырауындар мен үлкен құрбақалар, жыландар, ала құланның балаларын қолға үйреткен сол қыз бүгінде Париждегі киноөнер факультетінде білім алып жатыр.
Жасы бар-жоғы 10 айға жетер-жетпес уақытта жануарлар әлемімен қоян-қолтық араласып, тіпті, Намибияның жергілікті аборигендерімен ортақ тілге келген Типпи Дегре Францияда тұрақтап қалуды армандайды.
Қызық-ақ, ерте күннің қай білімі бір қажетіне жарады екен?
сурет: mirfaktov.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига