- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Мальта үкіметі жазда...
Мальта үкіметі жазда елге келетін туристерге 200 еуро береді
Коронавирус пандемиясынан қатты зардап шеккен Мальта үкіметі жазда кем дегенде үш күн аралға келген шетелдік туристерге 200 еуро төлеуге дайын.
Мальта туризм министрі Клейтон Бартолоның айтуынша, ел үкіметі турист бес жұлдызды қонақүйден орын алған болса, сол туристке 100 еуро, қонақүйге тағы 100 еуро береді. Төрт жұлдызды қонақ үйде тұрғандар жалпы 150 еуро, ал үш жұлдызды қонақүйден орын алғандар 100 еуро алады.
Үкімет саяхатшыларды осылай ынталандыру арқылы биыл 35 мың турист тартқысы келеді. Мальтаға 2019 жылы 2,7 миллион турист келген болса, коронавирус пандемиясы басталғаннан бері көрсеткіштер 80 пайызға төмендеген.
Мальта экономикасының 27 пайызын туризм құрайды.
Мальта сәуір айынан бастап санкцияларды жеңілдете бастады және шектеулердің басым бөлігін 1 маусымға дейін алып тастауға ниетті. Ел халқының қырық екі пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның кем дегенде бір дозасымен емделді. Осыдан соң елде коронавирустың таралуы күрт төмендеген.
Т. Раушанұлы