Мадрид қаласының Прадо мұражайында көзі көрмейтін адамдарға арналған көрме ашылды. Көрмеге 3D принтерімен басылып шыққан әлемдегі ең атақты 6 туынды қойылған. Көрме 2015 жылдың 18 қазанына дейін жұмыс істейді.
Көрмеге үш өлшемді кескіндерден бөлек, дидактикалық материалдар да қойылған. Ондағы мәтіндер Брайл шрифті арқылы жазылып, қосымша аудио-гидтер орнатылған. Аудио-гид мұражайға қойылған 53 композиция туралы мол мағлұмат береді.