Танымал архитектор Норман Фостер басқаратын Foster + Partners архитектуралық бюросыЛондонда 305 метрлік қызғалдақ-мұнара орнатпақ. Мұнара Лондонның Сити шағын ауданында атақты Мэри-Экс аталатын зәулім ғимаратқа жақын жерде орналасады. Жаңа нысан расымен гүлге ұқсайды. Панорамалық кеңістіктен басқа, оқу орталығы мен мейрамханалар және ойын-сауық аймағы жоспарланған. Қызғалдақ ғимаратының қасбетін айнала бұршақ тәріздес арнайы шыны капсула орнатылады. Норман Фостер: Бұл нысан Лондон тұрғындары мен қонақтарына пайда әкелері анық, болашақ ұрпақ үшін керемет білім беру ресурстары бар мәдени және әлеуметтік бағдарға айналады, - дейді. Құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталады. Ал, 2025 жылы жаңа ғимарат өз есігін айқара ашады деген жоспар бар.