Лондон қаласының 320-гигапиксельді көрінісі таныстырылды

Лондон қаласының 320-гигапиксельді көрінісі таныстырылды

British Telecom телекоммуникациондық компаниясы ел астанасы Лондонның 320-гигапиксельді көрінісін жасап шығарды. Түсірілім жұмыстары 29 қабаттық BT Tower мұнарасынан жасалған.  

1

Қала көрінісі төрт бірдей Canon 7D фотоаппаратымен түсірілген 48640 жеке суреттен құрастырылған екен. Көріністі жасап шыққан мамандардың айтуынша, осыншама көлемдегі суретті қағазға басып шығар болса, оның ауданы 98х24 метрді құрайтын көрінеді. Бұл дегеніміз Букингем сарайынан да үлкен аудан деген сөз.   

2

British Telecom жасаған қала көрінісі Лондон тарихындағы саны жағынан ең көп түсірілген сурет болып отыр. Осыған дейінгі рекорд 2010 жылы болған екен. Ол кезде Centre Point ғимаратынан 80-гигапиксельді көрініс жасалған еді. 

3

Сурет құрастырушылары жасаған жұмыстарына арнап арнайы сайт та жасап қойған екен. Сонымен Лондон қаласының көрінісін мына сілтеме өтіп, тамашалай аласыздар: btlondon2012.co.uk.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет