Рак на горе басылымы лентаға әр беріп, түрлендіретін саяхатшылардың Instagram-аккаунтын топтастырды.
Александр Мазуров
Публикация от Alexander Mazurov (@alex.mazurov)9 Сен 2020 в 4:27 PDT
Фотограф Александр Мазуров Мәскеуде тұрады. Бірақ жұмысының арқасында уақытының көбін саяхатта өткізеді. Оның мақсаты – туған жері мен шетелдің әдемі пейзаждарын көрсете отырып табиғат элементтерін суретке түсіру. Фотограф полюс шеңберіндегі қала атмосферасын жасау үшін суреттерін суық реңкпен өңдейді.
Илия Воскресенский
Публикация от Илия Воскресенский (@elivosk)4 Окт 2020 в 12:30 PDT
Илья өзін әке, жар, фотограф және кішігірім блогер деп таныстырады. Ол видео, фото түсіріп, мақала, пост жазады. Өзі айтқандай, оның шығармашылығы – өз өмірін бейнелейтін айна. Ол табиғат кереметтерін бөлісіп қоймай, адамдарды саяхаттауға шабыттандырғысы келеді.
Әлімбек Ұлан
Публикация от TRAVEL | PHOTO | NATURE (@alimbek_ulan)25 Апр 2020 в 9:23 PDT
Өзін елінің басты турисі санайтын Ұлан күн сайын архивтегі фото, видеоларын бөлісіп отырады. Ол 33 ел мен 178 қалада болған. Саяхат туралы блогын осымен жетінші жыл жүргізіп келеді. Ұлан Қазақстанның әр түкпірінде болған, тіпті шағын ауылдардың көбіне барып қайтқан. Енді баратын жер қалмағандай көрінгенімен ол жаңа, көрікті жерлерді табуға тырысады. Сонымен бірге шетелдік туристерге жолсерік болып, ел туризміне үлес қосып жүр.
Ярослав Шураев
Публикация от Yaroslav Shuraev (@yaroslav_shuraev)24 Авг 2020 в 12:54 PDT
Ярослав парақшасында Ресейдегі ерекше көрікті, көбі тіпті естімеген мекендерді жариялап отырады.
Жек Хардиң
Публикация от Jack Harding | UK Photographer (@jackharding)20 Фев 2020 в 8:31 PST
Жек ірі брендтерге арнап фото, видео түсіреді. Оның жеке парақшасында да әдемі үйлескен, көз тартар контент бар. Оның уақытының көбі саяхатта өтеді, сол себепті көзге бірден байқала бермейтін ұсақ детальдар мен сирек кадр түсіруге дағдыланған.