Лентаға әр беретін 5 саяхатшының Instagram-аккаунты

Лентаға әр беретін 5 саяхатшының Instagram-аккаунты
Фото: raknagore.kz

Рак на горе басылымы лентаға әр беріп, түрлендіретін саяхатшылардың Instagram-аккаунтын топтастырды.

Александр Мазуров

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alexander Mazurov (@alex.mazurov)9 Сен 2020 в 4:27 PDT

Фотограф Александр Мазуров Мәскеуде тұрады. Бірақ жұмысының арқасында уақытының көбін саяхатта өткізеді. Оның мақсаты – туған жері мен шетелдің әдемі пейзаждарын көрсете отырып табиғат элементтерін суретке түсіру. Фотограф полюс шеңберіндегі қала атмосферасын жасау үшін суреттерін суық реңкпен өңдейді.

Илия Воскресенский

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Илия Воскресенский (@elivosk)4 Окт 2020 в 12:30 PDT

Илья өзін әке, жар, фотограф және кішігірім блогер деп таныстырады. Ол видео, фото түсіріп, мақала, пост жазады. Өзі айтқандай, оның шығармашылығы – өз өмірін бейнелейтін айна. Ол табиғат кереметтерін бөлісіп қоймай, адамдарды саяхаттауға шабыттандырғысы келеді.

Әлімбек Ұлан

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TRAVEL | PHOTO | NATURE (@alimbek_ulan)25 Апр 2020 в 9:23 PDT

Өзін елінің басты турисі санайтын Ұлан күн сайын архивтегі фото, видеоларын бөлісіп отырады. Ол 33 ел мен 178 қалада болған. Саяхат туралы блогын осымен жетінші жыл жүргізіп келеді. Ұлан Қазақстанның әр түкпірінде болған, тіпті шағын ауылдардың көбіне барып қайтқан. Енді баратын жер қалмағандай көрінгенімен ол жаңа, көрікті жерлерді табуға тырысады. Сонымен бірге шетелдік туристерге жолсерік болып, ел туризміне үлес қосып жүр.

Ярослав Шураев

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Yaroslav Shuraev (@yaroslav_shuraev)24 Авг 2020 в 12:54 PDT

Ярослав парақшасында Ресейдегі ерекше көрікті, көбі тіпті естімеген мекендерді жариялап отырады.

Жек Хардиң

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jack Harding | UK Photographer (@jackharding)20 Фев 2020 в 8:31 PST

Жек ірі брендтерге арнап фото, видео түсіреді. Оның жеке парақшасында да әдемі үйлескен, көз тартар контент бар. Оның уақытының көбі саяхатта өтеді, сол себепті көзге бірден байқала бермейтін ұсақ детальдар мен сирек кадр түсіруге дағдыланған.

Massaget.kz