Қызыл түсті сарқырама

Шығыс Антарктиканың Құрғақ даласындағы Тейлор Мұздығынан шығып жатқан тасқын су - "Қанды сарқырама" деп аталады.

Темірге аса бай келетін тұзды су - мұзды сарқырамадағы шағын ғана жарықшақтан атқылап жатыр. Ал жалпы судың бастауы - осы сарқырмадан бірнеше шақырым жердегі 400 метрлік мұз құрсап жатқан едәуір үлкен өзен екен.

1911 жылы қызылды мекенді ең алғаш ашқан - аустралиялық геолог Гриффит Тейлор. Ең алғашқы зерттеушілер Антарктиданың құшағындағы қызыл түсті беймәлім балдырлардың "кінәсінен" пайда болған деген тұжырымға келген болатын. Алайда, кейіннен қызыл түстің су құрамында темір оксидінің көп болу әсерінен шығатындығы толықтай дәлелденді.

Одан бергі кезеңде Джилл Микукки бастаған Гарвард университетінің ғалымдары тасқын судың химиялық және изотоптық құрамын зерттеп шыққан болатын. Гарвард данышпандары мұз астындағы өзенде екі миллион жылдан бері жарық көрместен өмір сүріп келе жатқан микроағзалардың бар екендігін анықтады. Олардың айтуынша, су түсінің өзгеруіне осы ағзалардың тікелей әсері бар екен. Қалай дейсіз бе? Күн көзін көрмеген, фотосинтез үдерісіне қажетті компоненттер жетіспейтін ағзалар су астында түзілген сульфатты өз қажетіне жаратып, нәтижесінде сульфит түзеді де, осындай ғажап құбылыс пайда болады екен.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/MfWzwLLU3dY","width":"425","height":"350"});

Айтпақшы, бір қызығы сарқырама суы минусты температуралардың өзінде қатып қалмайды. Зерттеушілеріміз мұны судың мұхит суымен салыстырғанда төрт есе тұзды болып келетіндігімен түсіндіріп отыр.

Суреттер::liveinternet.ru,tursovetnik,fotozemli.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева