Қызметті қызып алып атқарғандар...

Қызметті қызып алып атқарғандар...

Қызмет бабында ішіп алған полицей жазаға кесілмейтін болып шықты. Мәселен, Чикаго қаласында полицейдің қан құрамынан 0,049 промилле спирт ішімдігі табылып жатса, онда бұл қалыпты жағдай болып саналады. Жергілікті үкімет солай шешкен.

Тамақтанар алдында, түскі аста ұрттап тұру үйреншікті дағдыға айналуы тиіс. Тіпті, кей елді мекендерде ішімдік ішудің мөлшерін көтеріп үлгерген. Тек тәртіп сақшылары тәртіп бұзып жүрмесе болғаны.

Ал қала тұрғындары тәртіп сақшыларының бұл қылығымен мүлдем келіспей отыр. Олардың ойынша, Чикаго халқы кез келген уақытта қауіп-қатердің астынан табылмақ.

Эйприл Падалик есімді бұрынғы бұрынғы аға қызметкер еш алаңдаудың жоқтығын айтады. "Бұл тұрғыда еш қиындық болмауы тиіс" деп ойлайтын көрінеді. Және тәртіп сақшылары тәртіп бұзып жатса, онда жұмыстан шығару керек екен.

Ең "қызығы" сол, жақында ғана полицейлердің бірі ішіп алып, өз үйінде атыс шығарған.

Сіз бұған қалай қарайсыз?

сурет:thefix.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига