- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Қыз баласының саяхаттағы...
Қыз баласының саяхаттағы қауіпсіздігі
Қыз баласы саяхатта өте сақ болғаны жөн. Қыз баласына ескеру керек жайттарды ұсынамыз. Аталған кеңестер саяхатшы әрі журналист @rus_medelbek парақшасынан алынды. Саяхатыңыз сәтті болсын!
1. Қыз баласы саяхатқа жалғыз шықпауға тырықаны абзал. Мумкіндік болса құрбыларыңызбен, достарыңызбен, жақындарыңызбен, ата-анаңызбен барған жөн. Жалғыз барсаңыз өте сақ болғаныңыз дұрыс.
2. Міндетті түрде, баратын жерді алдын ала интернеттен қарап зерттеп алыңыз, саяхаттап жүрген таныстарыңыздан сұраңыз.
3. Қыдырғанда, кешкі серуенге шыққанда көшесі тар, адамдар сирек жүретін аудандардан алыс болыңыз. Мүмкіндігінше орталық көшеде, бақылау қызметінің бөлімшесі орналасқан, полицейлер жүрген, адам көп жерлерде жүруге тырысыңыз. БОМЖ-дар жатқан жерлерден айналып өтіңіз. Парктерге, ормандарға барғанда қуыстарға бармаған жөн.
4. Ер адамдар тоқтатса, "қылмыңдаса" бірден аулақ жүріңіз. Саяхатқа алтын алқа, сырға, жүзіктеріңізді тағып бармаңыз. Ақшаңызды сөмкенің әр жеріне бөліп сақтаңыз.
5. Телефоныңыз әр кез зарядтаулы және ақшаңыз болғаны дұрыс. Кез келген жағдайда осы нәрселер арқылы жол табуға болады. Көшеден такси тоқтатпаңыз, ресми таксилерге отырыңыз. Қоғамдық көлікке отырғанда сөмкеңізге, ұялы телефоныңызға сақ болыңыз.
6. Бір нәрседен, адамнан, ауданнан күдіктенсеңіз, бірден кері қайтуға шешім қабылдаңыз. Саяхатқа шығатыныңызды жақындарыңызға жиі хабарлап отырыңыз. Баратын еліңіздегі Қазақстан елшілігінің телефонын біліңіз.
7. Ұшақтан кешігіп, бір жағдай болса сасқалақтамаңыз, уайымдамаңыз, ақша табылады, бастысы бас амандығыңыз. Бір-екі апталық саяхатқа көп жүк, киім алмаңыз, себебі көп жүк артық проблема, барынша аз киіммен саяхаттаңыз.
8. Елде саяси ахуалды қараңыз. Барар еліңізде соғыс, митинг, қақтығыс болса бармаңыз. Елдің діні мен салт-дәстүріне сақтықпен қараңыз. Мұсылман елдерінде тым ашық киіммен жүрмеңіз.
9. Жалпы қыз баласы үшін елдің көбі қауіпсіз. Бірақ қаланың ортасынан, туристер көп жүретін жерлерге барыңыз. Жалғыз саяхаттан гөрі жаныңызда серіктеріңіз болғаны жақсы.
Т. Есқали