Қытайлық азамат 13,6 мың доллар тұратын бриллиантты жұтып жіберді

Қытайлық азамат 13,6 мың доллар тұратын бриллиантты жұтып жіберді

Шри-Ланкада қытайлық турист құны 13,6 мың доллар тұратын бриллиантты жұтып жіберу арқылы ұрлағысы келді, деп  "Газета.Ru" хабарлайды. 32 жастағы Чоу Ченг бағалы тасты жұтып, орнына нақпішін қойып кетпек болған.

Оқиға зергерлік көрмеде орын алыпты. Полиция қызметкерінің сөзіне сенсек, алаяқ көрме алдына келіп бриллиантты ұстап көруді өтінген. Тасты қарап тұрған сыңай танытып, демде жұтып жіберіп, көрме иесіне жалған тасты ұстата салған.

Өз кезегінде киоскінің иесі бағалы тастың орнына жалған тас берілгенін көріп, күзетшіге хабарлап үлгеріпті. Қытайлық азамат шығар ауызда күзетшіге ұсталып, ауруханалардың біріне жеткізілген. Дау-дамайды бірден түсінген дәрігерлер қытайлыққа іш жүргізетін дәрі берген. 

Айта кетсек, 1991 жылдан бері жалғасын тауып келе жатқан зергерлік көрмеде бұрын-соңды мұндай алаяқтық орын алмаған екен. 

сурет:brilliant-info.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт 

Л. Лига