Қытайдың "миллионер" қалаларына саяхат

Қытайдың "миллионер" қалаларына саяхат
Фото: massaget.kz

Джеки Чан, Джет Ли, Джек Ма, Алибаба, ащы сорпа, қорған және адамға керек тауарды өндіру. Бұл ұғымдар  "Қытай мемлекеті" деген ассоцацияны құрайды. Бұл елде біз мүлдем білмейтін экономикалық және мәдени орталықтар өте көп екен. Қытай елінде саяхаттап осыны аңғардық. Жылан көзге түспейтін, бақаның даусы естілмейтін, ұзақ жауыннан тасымайтын, қуаңшылықта таязданбайтын көлдің барын да білдік.

Цзинань қаласы

Цзинань қаласының бұлақ көзі карстық құбылыстан пайда болған. Қытайдың шығысындағы географиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктердің бірі боп есептеледі. Цзинань жанында жатқан 800-ге жуық бұлақ көзі тауға таза балғындық пен көз тоймас сұлулық сыйлап келеді.

Баоту – Аспанасты елінің алғашқы бұлақ көзі, осы Цзинаньда, Шаньдун провинциясының астанасында орналасқан. Ол бір өзеннен, бір көлден (Даминху), үш бұлақтан (Баоту, Қара Қабылан, Бес айдаһар), төрт саябақтан (Баоту бұлағы, Хуанчэн, Бес Айдаһар өзені, Даминху) құралған. Бұлақ көзі алдымен өзенге құйып, кейін көлге қосылады. Олар Минфу атты көне шаһармен әдемі үйлесім тауып жатыр. Бұл табиғаттың көркем көрінісіне ие боп жатқан аудан 3,1 шаршы километрді құрайды.

Даминху көлі осы провинцияның жауһары аталып кеткен. Цзинань қаласының  солтүстік-шығысында жатқан бұл көл Сун және Тан әулеті кезінде көркем пейзажымен әлемге танылды. 

«Жылан көзге түспейтін, бақаның даусы естілмейтін, ұзақ жауыннан тасымайтын, қуаңшылықта таязданбайтын».

Осы төрт қасиетімен ерекшеленіп тұр. Саябақ 86 га ауданды қамтып жатыр, көлде 6 үлкен және кіші арал бар. Кезқұйрық аспан астында ұшып жүрсе, балықтар суда еркін жүзіп жүреді. Даминху көлінде лотос гүлі ерте заманнан жайқалып тұрады.

Лися, Тегун ордасы, Наньфэн ордасы мен Бэйцзы храмы ну ағаштардың арасында тарихи өнер мен мәдениетті сақтап жасырынып жатқандай көрініс береді.

Мың Будда тауының ауданы 11,12 шаршы километрді құрайды. 2017 жылы мемлекеттік маңызы бар көрнекі мекен дәрежесіне ие болған. Цин әулеті дәуірінен бастап Мың Будда тауы, Баоту бастауы мен Даминху көлі Цзинань қаласының «мақтанышы» атанған.

Чжэцзян провинциясы

Чжэцзян провинциясы Қытайдың оңтүстік-шығысында, Янцзы өзенінің оңтүстік сағасында орналасқан, ал шығысын Шығыс көлі шайып жатыр, оңтүстігінде Фуэцянь провинциясы, батысында Анхуэй, Цзянси провинцияларымен, солтүстігінде Шанхаймен және Цзянсу провинциясымен шектеседі. 

ЦяньТан өзенінің арнасы осы провинцияда  иіледі. «Чже» иероглифі – «бүгілу, иілу» мағынасын береді. Провинция атауы осыдан пайда болған – Чжэцзян. Батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке дейін  шамамен 450 шақырымды құрайды.

Провинция ауданы – 105 мың шаршы метр, бұл Қытайдың  1.1% бөлігін құрайды, яғни ең кішкентай провинция қатарына жатады.  Чжэцзян – мемлекеттік және жеке экономикалық бастамасы «Чжэцзяндық экономика» ұғымын қалыптастырған.

2016 жылғы статистика бойынша адам басына кіріс көлемі өзгеріссіз жоғары боп есептелген Қытайдың экономикасы дамыған провинциясы. Ханчжоу, Нинбо, Веньчжоу, Шаосин, Хучжоу, Цзясин, Цзиньхуа, Цючжоу, Чжоушань, Тайчжоу, Лишуй атты қалалардан құралған.  

Ханчжоу

Ханчжоу – Чжэцзян провинциясының астанасы, саяси, экономикалық, мәдени, қаржылық және транспорттық орталығы. Қала аумағы 16 600 шаршы километрді құрайды, 9 муниципалды аудан, 2 уезд, 2 уездті қала 85 көшеден, 23 ауылдан құралған.

Халық саны – 9 млн 100 мың. 2016 жылы Ханчжоу қаласының ЖІӨ-і 11 млрд юаньді құраған.

Қытайдың көне қалаларының біріне жатады, 8-5 мыңжылдықтар бұрынғы археологиялық іздер табылған. Бес патшалық (907-978жж.) пен Сун әулеті Оңтүстігінің астанасы болған.

 

Қазір бұл қалада Алибаба,  Ваньсян, Вахаха компанияларының штаб пәтері орналасқан.

Нинбо

Нинбо – провинцияның маңыздылығы бойынша екінші қаласы, жағалауда орналасқан, Қытайдың бәсекеге қабілетті 15 қаласының бірі.

Янцзының оңтүстік сағасында жатқан экономикалық орталық заманауи портқа ие.

Оған қоса, Чжэцзянның мәдени-тарихи ошағы деп есептеледі. Нинбо мәдениеті Ву Юэ мәдениетінен тарайды. Тұрғындар Ву тілінде сөйлейді. Теңізге жолы ашылған бұл қала Қытайдың Үлкен арнасының оңтүстік нүктесінде. Шығыс порт Теңіз Жібек жолы деген атауға ие. Танымал британдық теңіз индустриясының журналының нұсқасы бойынша «халықаралық контейнер» атанған. Бұған мына суреттер дәлел бола алады.

Шаосин

Шаосин – провинцияның солтүстік бөлігінің орталығында, Ханчжоу бұғазының шетінде орналасқан, туристік орталық.

Шығысында Нинбо, оңтүстігінде Тайчжоу және Цзиньхуа, батысында Ханчжок, солтүстігінде Цяньтан өзенімен және Цзясин қалаларымен шектесіп жатыр.

Қытайдың  2500 жылдық тарихы бар тарихи қаласы БҰҰ-ның шешімімен туризм, орман шаруашылығы, жеке экономикалық сектор дамуымен, сонымен қатар, көпір, шарап, күріш, баспа ісінің отаны деп танылған.

Аньчан

Чжэцзян провинциясының мәдени-тарихи мәні бар деп алғаш танылған қаласы. Солтүстік Сун әулеті кезінен салынған тарихи қала сан түрлі соғыстың куәсі болған, құлаған және қайта қалыпқа келтірілген.

Қазір бұл қалаға көптеген турист қала ортасындағы арнаның сұлулығын көруге келеді.

Көне орталық көше су арнасының бойында орналасқан. Көшенің солтүстігі сауда орындарына арналған.

Су жағасындағы дүңгіршіктер мен ашық аспан астындағы саудагерлерді көруге келген туристер қарсы беттегі тұрғын үйлерді де қызықтай алады. Ертеден сақталған тас жолдар, көше, көпір, дүкендер өұдды бір сол заманға апарып тастағандай болады.

Г. Берік