- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Қытайдағы "Өлі" теңіз...
Қытайдағы "Өлі" теңіз
Сычуан провинциясындағы Дейинг теңіз бассейніне жаз күні ағылатын жұрттың қарасы көп.
Өлі теңізге келіңкірейтін (шын мәнінде, соған ұқсастырып жасаған) Дейинг орталығының аумағы 30 000 квадрат метр және сол уақытта 10000 адамды қабылдай алады. Ойлап қалмаңыз, Қытайда бұдан да үлкен бассейн орталықтары баршылық. Тек мәселе олардың көлемінде емес, танымалдылығында. Әйтпесе, 230 000 жұртшылық сиятын бассейндерді атауға да болар.
Аталған бассейнге жұрттың симай қалып жататын кездері көп ұшырасады екен. Мысалы, 15 000 қытайдың бассейнге лықа толған сәтінін тағы бір көрінісі. Әрине, "сергу" үшін келгендердің жүзуге мүмкіндігі болмайды, есесіне өздерін табақшаға ішіндегі жүгері қауызына ұқсауға мүмкіндіктері бар.
Қытайда бассейн жетпейді. Билік басындағы адамдар бассейн салуға ерекше пейілді емес. Себеп те жоқ емес, бассейндерді жұртшылық жаз айында ғана тұтынатындықтан, қыс мезгілінде бейнетті шаруаға айналмақ.
Төмендегі суреттерге қарай отырып, Қытайдағы халық тығыздығына тағы бір көзіңіз жетпек.
сурет:topnews.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига