- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Қыста круиз жасайтын...
Қыста круиз жасайтын шетелдік өзендер
Әркім қысты, Жаңа жыл мерекесін әр түрлі қарсы алғысы келеді. Бірі жаңа орта табады, екіншісі жаңа тағамдар ауыз тиеді, үшіншісі тіптен шетел асып кеткісі келеді. Үшінші нұсқаны таңдайтындардың қатарында болсаңыз, кереметтей ұсынысымыз бар. Мерекені неге өзенге круиз (теңіз саяхаты) жасау арқылы қарсы алмасқа? Жағымсыз әсерлерден арылып, бір серпіліп қаларыңыз айдан анық. Олай болса, круизге арналған әлемдегі ең таңдаулы өзендермен таныса отырыңыз.
1. Дунай.
Саяхат барысында 5 мемлекетті басып өтіп, 10 қаланы тамашалай аласыз. Олардың арасында Вена, Будапешт, Братислава, Мюнхен бар. BOLERO 4 Super теплоходына мінген әрбір жолаушыны таңғажайып тосын сыйлар күтіп тұр.
2. Рейн.
HEINRICH HEINE 4 теплоходында Еуропаны армансыз аралап, естен кетпес демалыс өткізуге барлық жағдай жасалған. Рейндегі круиз барысында Швейцарияның, Францияның, Германияның, Люксембургтің, Голландияның сұлулық әлеміне ене аласыз.
3.Гвадалквивир.
Қысты, мерекені ыстық елде қарсы алғыңыз келе ме? Олай болса, Оңтүстік Испанияда жасалалатын саяхат таптырмас мүмкіндік болғалы тұр. Андалузия қалаларына экскурсия, күн астындағы алаңсыз ойын-сауықтар, ат жарысы... Айта берсең қызықтар да таусылмақ емес. Тек көру, сезіну керек.
4. Меконг.
Бұл саяхат барысында Шығыстың ұлылығын мойындайсыз. Отаршылдықтың иісі мүңкіп тұрған мекеннен шыққан теплоход Үндіқытай жартылай аралына дейін барады. Және Оңтүстік Ветнам мен Камбоджаның бірнеше қалаларын көру мүмкіндігіне ие боласыз.
5. Амазонка.
Бұл аймақтың табиғаты ғаламшардың басқа ешбір жерінде қайталанбайды. Кепілдік бере аламыз. Айтыңызшы, басқа қай жерде жыртқыш пиранийлерді көріп, алқызыл дельфиндермен бірге жүзе аласыз? Саяхатын АҚШ-тан бастайтын жолаушылар осынау таңғажайып әлемді көру үшін қайыққа мініп келеді. Қысқасы, Табиғат ананың бар сұлулығының куәгері атанасыз.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет:vk.com