- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Қысқы демалыста таудан...
Қысқы демалыста таудан басқа қай жерге баруға болады?
Қысқы демалыс десе, ең алдымен ойымызға тауға шығып шаңғымен сырғанау, коньки тебу т.б. түсетіні ақиқат. Ал қыс мезгілін ұнатпайтын достарымыз қайтпек? Оларға арзан әрі қызықты демалыс үшін қайда баруға болады? Әлемде арзан мен қымбаттың арасы жер мен көктей. Оны тек қана саяхат емес, кез-келген саладан байқауға болады. Мәселен, қымбатшылықтың Солтүстік Америка мен Еуропада шарықтап тұрғанын білеміз. Ал Орталық Америка мен Азияға ат басын бұрар болсаңыз, арзан аймаққа түскеніңіз... Қай елде аз-маз ақшаға өмір сүруге болады деп ойлайсыз? Бірге білейік, ендеше.
Тайланд
Қалауы барларды қабылдай беретін керемет ел. Сіз Чанг Май сынды табиғаты ғажайып жерді ұнатасыз. Қай жағынан алсаңыз да. Онда әдемі орыннан арзан бөлмені жалға ала аласыз. Айына – 30 доллар. Әрі бұл ғажайып үйшік теңіз жағасынан алыс та болмайды. Тағам өнімдері де қымбат емес. Мұндағы тамақтар қарапайым. Жеміс-жидек, көкөніс, ет. Кез келген сауда базарында сатылады.
Камбоджа
Камбоджада тұрғын үйді жалға алу 200$ көлемінде. Саяхатшылардың үнемі қатынауы елдегі жылжымайтын мүлікке қойылған ортақ бағаны көтеріп жіберген. Дегенмен әлдекіммен бірге тұру арқылы тұрғын үй бағасын арзандатуға болады.
Егер мейрамханадан ауқаттансаңыз, тамақ 2$. Ал дүңгіршектерден тамақ алсаңыз, шығыныңыз 1$-ға бара-бар болады.
Филиппин аралдары
Филиппинге жолыңыз түсіп, ауқымды саяхат аумағы Себу аралына бара қалсаңыз зор дүкендер мен гольф алаңдары, құмды жағалау – бәрі-бәрі 150$ құнын көрсетеді. Damaguete сынды шулы қалада салыстырмалы түрде 40$-ға тұрғын үй жалға алуға болады. Ас-тағамдар да арзан бағада.
Коста-Рика
Живописі көз құмарын алған бұл ел 2 түрлі климаттық белдеуде орналасқан. Мәдени орындар жетерлік. Қымбатшылық атымен жоқ. Кез келген талғамға сай жер бөлімшелері беріледі. Сан-Хоседе әлемдегі ең төмен бағалар деп саналады. 500-600$ ақшаға армансыз қыдыруға, екі адамға үй жалдауға мүмкіндік бар. Мейрамханалар экзотикалық ас үй тағамдарын ұсынады.
Белиз
Адам қолынан тыс жаратылған нағыз сұлулықты көруге және дайвингке деген ықыласы бөлек жандарды жіберетін мекен – Белиз. Бұл ел британдық Гондурас атымен белгілі болып, кейіннен 1981 жылы өз тәуелсіздігін алған.
Аталған елде керемет демалыс өткізу үшін бәрі бар: бай табиғат, субтропикалық климат, жайлы жағалау. Саяхатшылар флора мен фаунаның қор-байлығы деп білетін өлкеде 500$ қаражатпен бір ай мөлшерінде өмір сүруге болады. Өмір сүру дегеніміз салыстырмалы атау, әрине. Бір ай көлемінде демалыс ұйымдастыру деп біліңіз мұны.
Қосымша ақпарат:
Енді салыстырып көріңіз: Еуропаға барып-қайтуға деген ұшақ билеті 1185 АҚШ долларына дейін барады. Әлемнің ең қымбат қаласы саналған Лондонда бағаңыз шарықтап-ақ тұр.
Біз қозғаған тақырып бойынша 2014 жылдың жаз маусымын есепке алған TripAdvisor компаниясының рейтингі төмендегідей болған. Алдағы уақытта 2015 жылдың рейтингі шығысымен міндетті түрде сіздерге хабарлайтын боламыз.
2014 жылдың жазындағы ең арзан қалалар:
1. Ханой, Вьетнам ($155,3; көрсеткіште: бір айлық өмір сүру құны).
2. Джакарта, Индонезия ($161).
3. Шарм-эль-Шейх, Египет ($162).
4. Бангкок, Таиланд ($164,7).
5. София, Болгария ($190,5).
6. Кейптаун, ЮАР ($193,5).
7. Мумбай, Индия ($193,7).
8. Куала-Лумпур, Малайзия ($198,7).
9. Прага, Чехия ($200,7).
10. Будапешт, Венгрия ($203,4).
Cурет: planeta108.com, i.ytimg.com, saga.ua, daytoursmanila.com, best.aviasovet.ru, im2.kommersant.ru
Е. Жұмабайұлы