- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Қылмыскерлер бишіге айналуда...
Қылмыскерлер бишіге айналуда (видео)
Филиппин аралдарына орын тепкен түзету колониясы қылмыскерлерді қайта тәрбиелеп шығуда өз тәсілдерін ұсынады.
Себу қаласындағы абақтының бұл бағытта жұмыс істеп келе жатқанына үш жылдың жүзі болып қалыпты. Сол аралықта "YouTube" желісіндегі бейнебаяндардың көрсетілімі миллионның үстінен асып түсіп жатса, аталған орталық Себу қаласының басты "бойтұмарына" айналып үлгерген көрінеді.
Байрон Гарсиа, қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі:
"Темір торда жатқан адам өмірі аяныш тудырары анық. Күндіз-түні құрт-құмырсқаға таланған, одан қала берді мүңкіген иістің өзі тіршілік көзін тұмшалап тастайды. Ал биге келер болсақ, олардың жалғыз ғана қуанышы осы тұста көрінетіндей. Жаттығу алаңына асыққан күйлерін көрсеңіз".
2004 жылы түзету колониясында тәртіпсіздік орын алады. Сол тұста енді қызметке ілініп жүрген Байрон Гарсиа тәртіпсіздіктің алдын алу үшін өз тәсілін ұсынып көрген. Бірауыздан келісім берген соң, биге құштар жандарды жақын тарта бастаған.
Айтпақшы, "YouTube" желісіндегі бейнебаяндарды Байрон Гарсианың өзі жүктепті.
Cурет: liveinternet.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига