Соңғы кезде көп адам күннің аптап ыстығы басылып, курорттарда адам азайып, бағасы арзандайтындықтан, күз мезгілінде қыдыруды жөн көруде. Алайда нақты қай жерге барған дұрыс?
Түркия аймақтарының ауа райы бір-бірінен қатты өзгешеленеді. Егер оңтүстіктегі Алания, Анталия, Сид, Кемер, Белек сынды аймақтарда шомылу маусымы қазақ айының соңына дейін созылса, батысындағы Бодрум, Мармарис, Фетхие сынды жағажайларында бұл уақытта күн суыта бастайды. «Кипрде жыл он екі ай шомылуға болады» деген жалған сөз. Шындығында, бұл аймақта шомылу маусымы қазан айы басталмай жатып аяқталып қояды.
Мысыр елі – күзде демалуға таптырмас өлке. Қазан айының орташа температурасы – 28 градус, ал қараша айының орташа температурасы – 26 градус. Бір кемшілігі – осы уақытта жел маусымының болуы Ал Хорватияда «Барқыт маусымы» басталады. Шомылуға болмайды, бірақ көркем жерлерді аралап, қыдыру мүмкіндігі бар.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: egeptka.ru