Ғажайып сүйікті күшік Бу интернет әлемінің ең жарық жұлдызы болып отыр. Қазіргі таңда миллиондаған адамдар оның әрбір басқан қадамын, ойнаған ойыны мен серуендегі сәттерін, сәнденуін көзден таса қылмайды. Көңілге майда тиетін тұста қалай ғана селқос қалуға болады екен?
Будың сырт келбетіне қарасаңыз, кіп-кішкентай, жұп-жұмсақ, жайлы түйіршікті еске түсіреді. Сол үшін де оның осындай бар болмысы мен кескін-келбеті мыңдаған адамның көзіне ыстық тиіп, естен таңдырар күшке ие. Қолға ұстап құшақтап алуға тартып тұрардай...
Ал сенде осындай күшік болғанын қалайсың ба?
сурет:
vespig.wordpress.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек