Пассаж дю Гуа (Passage du Gois) – Франция елін Нуармутье аралымен бірге байланыстыратын Бурньёф шығанағында су бетіне салынған жол. Шығанақ күніне екі рет тартылып, бірнеше сағатқа көліктерге арғы бетке өтуге мүмкіндік береді. Су межесіне жеткен кезде судың көлемі 4 метр биіктікке көтеріледі.
Шығанақ суының саябырсыған сәтінде материктен аралға өту мүмкіндігі туралы ой 1701 жылы туған. 1840 жылы екі құрлық арасына жол төселіп, барлық көлік түріне мүмкіндік беретін төте жол салынды. Жолдың ұзындығы 4,5 шақырымды құрайды.
Бұл жолмен жүру өте қауіпті. Қойылған сандаған ескерту белгісі мен судың саябырсу кесте уақытына қарамастан, жыл сайын көптеген жүргізуші шыдамсыздық танытып, судың көтеріліп бара жатқандығын байқай тұра, батыл қадамдарға барады. Соның себебінен жүргізушілер келеңсіз оқиғаларға тап болады.
Жол-көлік оқиғалары үшін адамдарға құтқару мұнарасы орнатылған. Алайда, бұл тек адам өмірін ғана құтқара алады. Жолда мүлт еткен жүргізуші темір тұлпарымен қоштаса береді.
Оқи отырыңыз :
Александрия шамшырағы туралы біле жүрелік
Түрлі-түсті Дэнсия ландшафты туралы білесіз бе?
Қытайлық оқушылар мектепке 5 сағат жүріп барады
Кішкентай Жапонияда адам аяғы баспаған жер бар дегенге сенесіз бе?
Сурет: xn--h1apn.net