Гоби шөлінің нақ жүрегінде орналасқан Қытайлық Дуньхуан қаласының тұрғындарына Табиғат ананың қайталанбас әрі таңғажайып тартуын көру бақыты бұйырған. Неге? Қандай таңғажайып дейсіз ғой? Жергілікті халыққа адам жаны төзгісіз аптапты ыстықты күндерде нағыз әлемнің кереметтерінің бірі саналатын жазираны тамашалау мүмкіндігі берілген. Иә, шексіз-шетсіз құмдақтың ортасындағы көгалды алқап!
Өзен өзінің ерекше пішінінің құрметіне «Жарты ай» деген романтикалық атауды иемдеген.
Өзен суының мөлдірлігі мен тазалығы соншалықты, құмды далада жоғалған алып жақұт па деген ойға қаласыз. Жергілікті халық өзенді Yueyaquan деп атайды. Өзен Дуньхуан қаласының оңтүстік бөлігінде 6 шақырым қашықтықта орналасқан. Өзеннің жанында дәстүрлі қытай сәулетінің стилінде әдеміше келген ғибадатхана тұрғызылған. Туристік компаниялар өзенге жүретін әртүрлі бағдарлар ойлап тапқан. Нәтижесінде туристер де ешқандай қиындықсыз өзенді тамашалай алады.
Өкінішке орай соңғы кезде Жарты ай өзені Арал теңізінің тағдырын қайталауда. Екі мың жылға жуық уақыт қалпын сақтап тұрған ғажайып өзен соңғы он жылда тартылып жатыр. 1960 жылы жүргізілген зерттеуде өзеннің тереңдігі 4-5 метрді көрсетсе, 1990 жылдары 1,3 метрді құраған.
Осы орайда 2006 жылы үкімет жергілікті тұрғындарға көптеген шектеулер қойып, өзенді қалпына келтіру туралы шешім шығарды. Шұңқырлар қазып, шаруашылық жұмыстарын жүргізуге тыйым салып, тұрақты тұрғындар саны азайтыла бастады.
Суреттер:kulturologia.ru,daypic.ru,bigpicture.ru,weirdasia.ru,roseofwinds.ru
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева