Бірен-сараны Мауи аралында ұшырасқаны болмаса, өрмекшінің аталған түрі тек Гавай аралдарында кездеседі. Күліп тұрған өрмекшінің денесі өте жақсы әрі сапалы боялған болып саналады.

Атап кетерлігі, әр өрмекшінің түр-түсі бір-біріне мүлде ұқсамайды. Сондықтан сіз денелеріндегі "смайликтері" ұқсайтын бірде-бір өрмекшіні кездестірмейсіз.

Адам өміріне ешқандай қауіп тудырмайтын осы бір өрмекшілер өте кішкентай болып келеді. Денелерінің ұзындығы бар болғаны 5 миллиметрді құрайды.

Жергілікті тұрғындар өрмекшіге "nananana makaki’i" деген атау берген. Яғни "адамның бетін киген өрмекші" деген мағынаны береді.

Зерттеушілердің пайымдауынша, өрмекшілердің ерекше түстері өмір сүрулеріне көмектеседі-міс.

Жыртқыш құстарды бір қарағанда қорқытып тастайтын да қасиетке ие. Мәселен, жыртқыш құс улы ма, улы емес пе деп көңіліне күдік алып отырғанда, өз кезегінде ізім-қайым тайып тұрады.

Күліп тұратын өрмекшілер шыбын-шіркейлермен қоректенеді. Және түнгі өмір салтын ұстанады.

Күлімдеген өрмекші - Гавайдың жабайы табиғатының нышан-айғағы. Қазіргі таңда құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Басты себептердің бірі, жабайы табиғаттағы өсімдіктер мен жан-жануарлардың жаңа түрлерінің пайда болуы.

Бүгінде күлімдеген өрмекшілерді сақтап қалуда табиғат қорғаушылары барын салуда.


Аталған өрмекшілердің атақ-даңқы бәрінен асып түседі. Күнделікті киетін жидеден бастап, жүк таситын көліктерге дейін суреті салынған.
Сурет:nurmura.kz
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига