Құламаңдар!

Құламаңдар!

Адам баласы небір ғажайыптарды қолмен тұрғызып, өрнектеп, безендіріп, сәндендіріп, ақылға сыймастай етіп жасап, келешекке мұра етіп қалдырған. Жаһандағы жеті керемет соның айғағы. Арада ғасырлар ізі өтсе де, алтын қолды шеберлеріміз адамзат баласын таңдандырып, тамсандырып келеді. Жұрт сол ғажайып ғимараттарды қайта-қайта көргісі келеді, соған сапар шегу үшін қаражат жинайды. Бүгін сіздерге таныстырғалы отырған "құламалы" ғимараттар да сіздің қызығушылығыңызды оятады деген ойдамыз. "Құламаңдар!" деп айқайлағыңыз келе ме? 

1. Пиза мұнарасы. Италия. Негізгі материал ретінде жұқа балшық пайдаланылған мұнара құрылыс жұмыстары басталысымен, бір жағына қарай құлай бастады. Билік басындағылар 1990 жылы арнайы қосымша қаржы бөліп, 4 метрге дейін иілуіне жағдай жасады. Оның біржола құлап кетпеуі үшін біріктіруші материалдарға 2 млн. фунт қаржы жұмсалған.

2. Suurhusen шіркеуі. Германия. Ғимарат кейінгі орта ғасырларда Германияның солтүстік-батысында тұрғызылған екен. Suurhusen шіркеуі атақты Пиза мұнарасының алдын 1,22 градусқа орап кетті.

3. Asinelli және Garisenda. Италия. Болонья қаласындағы Asinelli және Garisenda аталатын мұнаралар қала билігінің бар күшін салып тырысуына қарамастан, үздіксіз құлдырап келеді. Ең биігі - Asinelli, ең иілігіші - Garisenda мұнарасы екен (3,2 м).

4. Франкенхаузен шіркеуі. Германия. Тау жотасындағы мұнара үнемі дауылдан келетін қауіпке тап болып отырады. Инженерлер қауымы мұнараның жылына құлау жылдамдығы 6 сантиметрге жеткендігін айтып отыр. Бұлай жалғаса беретін болса, ғимарат келесі онжылдықта мүлде жойылып кетуі мүмкін. Жергілікті тұрғындар ғимаратты қалпына келтіру үшін 1,5 млн $ қаржы жинап бере алатындықтарын айтып отыр.

5. Невьянска мұнарасы. Ресей. Ұлы Петрдің қаржыландыруымен басталған мұнара XVIII ғасырда атақты сәулетші Акинфий Демидовтың басшылығымен аяқталды. Мұнараның ұзындығы 57,5 метр. Соңғы есептеулердің нәтижесінде мұнараның жоғарғы бөлігі 2,20 метрге иілгендігі белгілі болған.

6. Tiger Hill мұнарасы немесе Huqiu мұнарасы. Қытай. Аталған ғимараттар Сучжоу қаласындағы Цзянсу провинциясында орналасқан. Бұл шамамен 907-960 жылдары тұрғызылған. Биіктігі - 47 м. Жеті қабатты ғимарат сегіз бұрышты көк кірпіштен соғылған. Мыңнан астам жыл бойы ғимарат табиғи күштердің әсерінен 2,32 метрге дейін иілген.

7. Oude Kerk, Нидерланды. Готикалық үлгіде тұрғызылған ғимарат Делфт қаласының орталығынан орын тепкен.  Жетпіс бес метрлік шіркеу 1,98 см-ге иілген.

9. Әулие Мартина шіркеуі. Венеция. Ғимарат венециялық Бурано аралында XV ғасырда бой көтерген. Оның "жанын сақтап" тұрған айналасында орналасқан құрылыс нысандары екен. Шіркеу мемлекет қорғауына алынған.

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева